Құрылтай
» » » Т.ЖҮРГЕНОВ РУХЫ – ҚАЗАҚЫ ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

Т.ЖҮРГЕНОВ РУХЫ – ҚАЗАҚЫ ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Жүргеновті ұлықтау мақсатында «Т.Жүргенов рухы – қазақы дүниетаным және ұрпақ тәрбиесі» атты танымдық шарасы өтті.
Оқу-ағарту ісінің талмас жанашыры, мәдениет пен әдебиет саласының майталманы әрі дарынды ұйымдастырушысы болған Темірбек Жүргеновтің тағылымды өмір жолы көпшілікке таныстырылды.
Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы қазақы қалпымызды сақтауға және мәдениетіміз бен өнерімізді дамытуға орасан зор үлес қосқан ардақты азаматтың руханият тарихында алатын орны бөлек екенін жеткізді.
Сонымен бірге Т. Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәпен Аңсатов Темірбек атамыздың айтып кеткен мақсаты мен Президенттің рухани жаңғыру тақырыбы екеуі біріне бірі дәл келіп, ұштасып тұрғанын, қайраткерді кейінгі ұрпаққа таныстыру жолында алтын көпір болып, жастар санасында ғасырдан ғасырға жол салуына атсалыссақ деген пікірімен бөлісті.
Шара аясында есімі күллі түркі жұртына мәшһүр Темірбек Жүргенов туралы тың деректер мен жаңа зерттеулер туралы мектеп оқушылары баяндамалар оқып, сахналық көріністер көрсетті.
16 сәуір 2019 ж. 2 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31