» » » Қызылордада Т.Жүргеновтің мерейтойына орай концерт өтті (видео)

Қызылордада Т.Жүргеновтің мерейтойына орай концерт өтті (видео)


Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына биыл 120 жыл. Мерейтойлық датаға орай Қызылордада «Рухқа тағзым» атты концерт өтті.Сыр сахнасында ұлы тұлғаның есімімен аталатын Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары мен шәкірттері өнер көрсетті.Шара танымдық көрмемен басталды. Оқу-ағарту ісінің талмас жанашыры, мәдениет пен әдебиет саласының жанашыры әрі дарынды ұйымдастырушысы болған Темірбек Жүргеновтің тағылымды өмір жолы көпшілікке таныстырылды.Дариға Тұрғанқұлова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кафедра меңгерушісі:- Қараұлы Темірбек атамыз жастардың ағартушылық білімін ұштау, білімді болмайынша ұрпақ еш уақытта жетер межесіне жетпейтінін айтып кеткен. Қараұлы Темірбек атамыздың айтып кеткен мақсаты мен Президенттің рухани жаңғыру тақырыбы екеуі біріне бірі дәл келіп, ұштасып тұр. Сол мақсатта біздер көп жастармен кездестік.Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:- Қазақ үшін, қазақ тілі үшін қаншама тер төккен Темірбек Қараұлы сияқты үлкен қайраткерлерді кейінгі ұрпаққа таныстыру жолында алтын көпір болып, жастар санасында ғасырдан ғасырға жол салуына атсалыссақ деген.Этно-фольклорлық ансамбльдердің сүймелдеуімен орындалған халық әндері сырбойылық көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Сахнада «Жәймақоңыр, Атилла» күйлері және ұлттық «Қозыбасар» биі орындалды. Сондай-ақ «Көшпенділер аруы» атты көрме-дефиле көрсетілді. Сәби Аңсатов, Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы:- Мың да бір рахмет, ризамыз. 70 адамның 1 қаладан 2 қалаға келуі оңай емес. Бұның бәрі Жүргеновті ұлықтағандықтан, насихаты үшін қасиет тұтқандықтан, қадірлегеннен шығады.Шара аясында есімі күллі түркі жұртына мәшһүр Темірбек Жүргенов туралы тың деректер мен жаңа суреттері жарық көрді.

27 қазан 2018 ж. 1 704 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031