» » Ел сенімін арқалаған азамат

Ел сенімін арқалаған азамат

Еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтар баршылық. Туған жерден жырақта жүргенімен өскен өңірін жүрегінде сақтайтын жанның бірі – Нұрбек Орақов.
Ол қасиетті Қармақшы өлкесінде дүниеге келіп, 1997 жылы А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің табалдырығын аттайды. Мектепті бітірген соң, 2000-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында әскери борышын өтейді. Азаматтық парызын адал атқарып келгеннен кейін Алматыдағы әскери институтқа түсіп, оны 2006 жылы үздік дипломмен аяқтаған. Онан соң қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметтік кезеңі басталып, Өскемен, Маканчи, Петропавл, Ақтау қалаларында еңбек етеді.
Нұрбек Рахымбекұлы қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-әрекет бөлімінің басшысы. Жұмысына асқан жауапкершілік танытып, өзгеден де осыны талап ететін басшының еңбегі елеусіз емес. Өткен жылы қызметтік міндетін адал атқарып, оң нәтиже көрсеткені үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғысын алған. Мұнан өзге де марапаты жетерлік.
Әскери қызмет атқаратын жігіт ағасы сегіз қырлы, бір сырлы десек те болады. Жастайынан музыкаға бейім болған ол пианинода ойнап, ямаха тартып, ән де айтады. Қызметімен қатар түрлі конкурс пен спорттық жарыстарға да қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген белсенді жан. Ал отбасында жары Айнұр екеуі 3 перзент өсіріп отырған үлгілі әке, бақытты жанұя.

– «Отан – оттан да ыстық» деген дана халқымыз. Адам баласының жүрегінде ең бірінші ақ сүт берген туған анасы орын алса, екінші Отанға деген жалын, ыстық сезім орнайды екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, елімді сүйемін және мақтан етемін. «Елдің даңқын ері шығарады, ердің даңқын елі шығарады» деген сөз бекер айтылмаса керек. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қоссам деймін. Туған өлкеден жырақта жүрсем де оның әрбір жақсы жаңалығына қуанып, күннен-күнге көркейіп келе жатқанына көңілім марқаяды. Ауылды көркейтуге аянбай тер төккен ел перзенттеріне алғыс білдіремін және олардың көбеюіне де тілектеспін. Қайда жүрсем де бойымда қасиетті мекеннің қаны бар екенін мақтанышпен айтып жүремін, – дейді подполковник Нұрбек Рахымбекұлы.
Расымен, туған жердің қадірін алыста жүрген адамның түсінері хақ. Талабы мол жұмысынан қолы қалт еткенде туған мекенге ат басын тірейтін ел перзентін мұндағы ағайындары балаларына үлгі етеді. Нағашысының әскери өмірін өзіне өнеге еткен Ғасырбек есімді жиені де осы саланы таңдап, табысты еңбек етуде.  Қызметіне деген адалдығы мен еліне деген сүйіспеншілігі жоғары Нұрбектей сыр перзенті мақтануға тұрарлық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
13 ақпан 2021 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031