» » ОБЛЫСЫМЫЗДАН 800-ДЕН АСА АЗАМАТ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕЙТІН БОЛАДЫ

ОБЛЫСЫМЫЗДАН 800-ДЕН АСА АЗАМАТ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕЙТІН БОЛАДЫ

    Қазақстан Республикасы Қорғаны министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2018 жылғы көктемде Қазақстан Республкиасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1991-2000 жылдары туылған 17 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарлануда. «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа босату және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2018 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларындағы кезекті шақырылуы туралы» 2018 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №644 Жарлығына сәйкес шақыру және медициналық комиссиялар ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін жас толыммен жасақтау бойынша жұмысқа кірісті. Әскери бөлімдерді жасақтау аумақтық және эксаумақтық қағидат, яғни, шақырылушыларды еліміздің бір өңірінен басқа өңіріне жөнелту бойынша жүзеге асырылады. Әскери командалар бойынша шақырылушыларды іріктеу және бөлу кезінде олардың шақырылуға дейінгі алған мамандықтары ескерілетін болады. Дәстүр бойынша Қарулы Күштердің әскреи бөлімдеріне жолданар алдында болашақ Отан қорғаушылар жергілікті әскери басқару органдарының облыстық жиын пункттерінде әскери киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Жас толымды әскери бөлімдердің ұдайы орналасу пункттеріне тасымалдау теміржол және авиациялық көлікпен жүзеге асырылады. Шақыруды және медициналық куәландыруды өткізу тәртібі туралы мәселелерді жедел шешу үшін ҚР Қорғаныс министрлігінде барлық кезеңде «қауырт желі» жұмыс жасайтын болады. Жауапты лауазымды адамдар түсіндірме жүргізіп, азаматтардың барлық қызықтырған сұрақтарына жауап береді.    Сонымен қатар, Қызылорда облысынан «Көктем-2018»  мерзімді әскерге шақыру науқаны барысында 800-ден аса азамат Отан алдындағы борышын өтейтін болады.  ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жіберу жұмыстары наурыздың 15 мен маусымның 27-сі  аралықтарына дейін жалғасады.
    Алғашқы топтың 24 сарбазын кеше ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты Алматы қаласында орналасқан №2021 әскери бөліміне  жіберілді.
    Қызылорда облысы қорғаныс істері
    жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі

16 наурыз 2018 ж. 1 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031