» » ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ӘСКЕРИ ТЕЛЕАРНА АШУДЫ ҰСЫНДЫ

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ӘСКЕРИ ТЕЛЕАРНА АШУДЫ ҰСЫНДЫ

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет депутаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.
Нақты уақытта графикалық, мәтіндік, мультимедиялық ақпаратпен алмасу арқылы жұмыс картасын жүргізетін әрі әскери құрамалар бөлімдерді басқару жөніндегі шешім қабылдайтын оқытудың жаңа үлгілері мен әдістерін енгізу жүргізіліп жатқан оқу зертханалары сенаторлардың назарына ұсынылды. Одан басқа, депутаттар қару-жарақ пен әскери техника әзірлеу және оны отандық әскери-өнеркәсіп кешенінің қуатымен келешекте жасау мүмкіндіктері ескерілетін университеттің кітапхана қорын және әскери ғылыми-зерттеу орталығын көрді. Сенаторлар білім сапасын арттыруға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді, сондай-ақ өз ұсыныстарын да айтты. Атап айтқанда, Д.Назарбаева ақылы негізде Ұлттық қорғаныс университетінде шетелдік студенттерді оқыту мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ әскери қызметті насихаттайтын мамандандырылған әскери телеарна құруды ұсынды. Әскери ғылымның келешегі зор зерттеулерімен танысып, университеттің ғалымдары және докторанттарымен кездескен Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Еркін ҚАЛДАН
 
24 қаңтар 2018 ж. 1 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031