» » ТӘРТІП САҚШЫСЫ - НАРИМАН

ТӘРТІП САҚШЫСЫ - НАРИМАН

Көліктегі тағылмаған «қауіпсіздік белдігімізді» алдымыздан жол полициясының «қарасы» көрінгеннен кейін іздей бастайтынымыз белгілі. Үлгермей қалып «ұсталып» қалған жағдайда «қазақпыз ғойға» саламыз. Өзіміздің амандығымыз өзімізге ғана керек екені естен шығып кетеді. Осындай жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін антына адал жол полициясы қызметкерлері қауіпсіздік жолында күндіз-түні аянбай еңбек етуде.
Полиция қызметкері –қоғамдық тәртіптің басты сақшысы. Сол сала маманы болуы үшін – ең алдымен физикалық тұрғыдан мықты, жүйкесі берік, шапшаң әрекет ете алатын, барынша адал әрі психолог болуы тиіс. Қойылатын талаптардың да үдесінен шығу – оңай болмасы анық. Осындай қажыр-қайратты қажет ететін мамандыққа өмірін арнап жүрген жанның бірі – Нариман Рахметов. Ол 1989 жылы қарашаның 14-жұлдызында Қармақшы ауданында дүниеге келген. Кент орталығындағы №250 мектепті тәмәмдаған соң, 2007-2008 жылдары Қазалы ауданындағы №5 агротехникалық колледжде «жүргізушінің көмекшісі» мамандығын бітірген. Ол 2009-2010 жылдар аралығында Астана қаласындағы «Ұлан» Ұлттық гвардиясында әскери борышын өтейді. Ал, әскерден келгеннен кейін 2012-2016 жылдары Қызылорда облысындағы «Болашақ» университетіне оқуға түсіп, оны «заңгер» мамандығы бойынша бітіреді. 2011 жылдан бері Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етіп келеді. Қазір жол патрульдік полиция тобының аға инспекторы. Қарамағында сегіз қызметкер бар. Басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол жеті жылғы толассыз еңбегі мен нәтижелі жұмысының арқасында аудан әкімдігі мен салалық басшылықтың көптеген алғыс хатымен марапатталған.
- Кез келген жұмыстың қиыншылығы болады. Өзім қалап келгеннен кейін, аса бір қиыншылығын көрдім деп айта алмаймын. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндетіміз. Жергілікті полиция бөлімінде Қармақшы ауданы мен елді мекендерге қараймыз. Атқаратын қызметіміз – халықтың құқығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бізге берілген жол бағытындағы жол қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылық және заңбұзушылық әрекеттерді құрықтап, оларды ашу, -дейді Нариман Рахметов.
Жас та болса бас болып, соңынан ерген көмекшілерін бір ауыздан темірдей тәртіпке үйретіп жүрген сақшы – өз ісіне адал. Оның алдағы мақсаты – полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру мен ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет ету. Айтпақшы, Нариман бөлімдегі түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Бірде - жанды дауыспен ән айтса, бірде - спорттық шаралардың белсенді мүшесі. Бұл да үздік сақшының бір қыры.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
24 шілде 2018 ж. 2 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031