» » Google поштаңызды кімдер оқуы мүмкін?

Google поштаңызды кімдер оқуы мүмкін?

Google поштаңызды кімдер оқуы мүмкін?
Google компаниясы қолданушы пайдаланған күмәнді ресурстар жеке пошта мәліметтері мен хаттарды көре алатынын мәлімдеген. Gmail пошта түрлі алгоритмдер арқылы қауіпсіздік операцияларын жүргізетіні анық. Бірақ қолданушы өз бетінше түрлі оптимизация мен қауіпсіздік шараларын жасаса, артық болмайды. Мысалы сіз пайдаланған қолданбаларды реттеп отыру. Ол үшін мына төрт қадамды орындасаңыз жеткілікті.
1-қадам
Пошта жәшігіндегі профиль суретін басып, "Google есептік жазбасына" өтіңіз. 2-қадам
Қосымшалар тізіміндегі "Жүйеге кіру және қауіпсіздік" бетін басыңыз.3-қадам
Баптаулар тізімін төмен жылжыта берсеңіз, "Есептік жазбаға кіре алатын қолданбаларға" тап боласыз. Әрі қарай "Қолданбаларды басқару" тетігіне өтіңіз. 4-қадам
Пайда болған бетте бұрын сіз пайдаланған қосымшалар, ресурстар тізімі шығады. Олардың ішінде бұрын сіз пайдаланып, кейін қажетіңізге жарамай қалған ресурстар болуы мүмкін. Мұндайда "Кіру рұқсатын өшірген" дұрыс. Себебі кейбір сенімсіз қолданбалар теріс ниетпен сіздің ақпаратыңызды қолдануы мүмкін.
14 шілде 2018 ж. 1 087 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 870
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30