» » Android P: 10 түрлі жаңалық пен өзгеріс

Android P: 10 түрлі жаңалық пен өзгеріс

Google I/O 2018 конференциясында Google компаниясы жаңа Android P оперативті жүйесінің бета-нұсқасын таныстырды. Алғаш рет Android P жайлы жаңалық наурыздың басында шыққан еді. Тек 8 мамырда ғана оған енген жаңалық пен өзгерістер көрсетілді. Біз қолданып жүрген Android енді қандай болмақ?  1) Жаңа интерфейс навигациясы Android P-де интерфейс навигациясы қазіргідей үш батырмамен емес, екі батырмамен басқарылады. Әзірлеушілер "Артқа өту" пернесін қалдырған, бірақ ол тек қосымшаларды ашқанда пайда болады. Қалған уақытта экранда тек бір батырма бейнеленетін болады. Ол арқылы басты бетке өтуге болады, ал бағдарламалар тізбегін ашу үшін батырманы төменнен жоғарыға қарай жүргізу керек. Бұл жүйе жаңа смартфондарға енгізіліп жатыр. Мысалы Huawei P 20, P 20 Pro смартфондары бір ғана батырмамен (саусақ іздері сканері) басқарылады. 1 жарым секундтай басып тұру – басты бетке қайтарады, бағдарламалар тізбегін ашу үшін оңға-солға сырғыту керек, ал "Артқа өту" үшін бір рет жанасу жеткілікті.  2) Жаңа бағдарламалар тізбегі мен мәзір Жаңа мәзір App Drawer деп аталады. Онда бағдарламалар алфавиттік ретпен немесе қолданушы қалауына қарай орналасады. Ал жаңа бағдарламалар тізбегі Overview деп аталыпты. Ол енді іздеу функциясы мен ұсынылатын бағдарламалар тізбегіне ие. Қолданушы бір бағдарламадан кейін келесі қай бағдарламаны ашуы мүмкін деген алгоритмді жүйе өзі жасап, ұсынады.  3) Жаңа хабарландырулар панелі Жаңарған нұсқада хабарландырулар панеліндегі белгілер домалақ пішінде болады. Сондай-ақ, мессенджерден жаңа келіп түскен хабарламаларға оны ашпай-ақ панельде жауап беруге болады. Жүйе қолданушының шешімдерін бақылап, оның қандай хабарландыруларды өшіргенін анықтап, келесіде ол хабарландыруды өшіріп тастауды ұсынады.  4) Басқару панелі: "Cмартфондық қанағат"  Google Android P жүйесіне жаңа "Смартфондық қанағат" функциясын енгізіпті. Ол күн сайын қолданушыға смартфонның қанша сағат жұмыс істегенін, қай бағдарламаны көп қолданғанын, қанша хабарландыруды оқығанын көрсетіп отырады. Бұл қолданушыға өзінің құрылғысын қаншалықты жиі іске қосып, қолданатынын көрсетпек. Сол арқылы қанағатқа тоқтамаған адам, өз әдетін бірте-бірте тастауы тиіс. Қолданушы белгілі бағдарламаларға уақыт шектеуін қоя алады. Мысалы, Youtube видеохостингіне 40 минут, Facebook әлеуметтік желісіне 20 минут жұмсау сияқты шектеуді орнатуға болады. Қолдану уақыты соңына таяп қалғанда арнайы хабарландыру келіп, бағдарлама автоматты түрде өшеді де, бағдарлама белгішесі сұрланады. Оны қайта басып, кірмек болсаңыз, бағдарламаны қолдану уақыты біткені жөнінде жазу шығады. Wind down опциясы қолданушы мазасын алмау үшін жасалған. Оны іске қосса, қолданушы ұйықтайтын уақытын белгілеуі тиіс. Уақыты келгенде смартфон бүкіл хабарландырулар мен хабарламаларды өшіріп, экран ақ-қара түске боялады. Осылайша бүкіл дисплей қолданушыға ұйықтау керектігін еске салып тұрады.  5) Жаңартылған "Кедергі жасамау" режимі  Бұған дейін бұл режим тек белсенді жұмыс істеу барысында ғана қосылып тұратын, яғни экран өшірулі тұрғанда қоңыраулар мен хабарландырулар келе беретін. Жаңа нұсқада барлық жағдайда хабарландырулар, қоңыраулар көрсетілмейді. Маңызды қоңырау күтсеңіз, баптаудан абонентті режимнен тыс белгілеп қоюға болады.  6) Дауыс батырмалары  Бұған дейін дауыс батырмалары бүкіл бағдарламаларды, басты бетте іске аса беретін. Енді жаңа жүйеге сәйкес, тек медиафайлдарды қолдану барысында батырмаларды қолдануға болады. Ал хабарландырулар дауысын баптау арқылы өзгертуге болады.  7) Actions және Slices  Actions (іске қосу) арқылы қолданушы бағдарламалардың кей функцияларын оны ашпай-ақ іске қоса алады. Ал Slices (тіліктер) тура Actions сияқты, бірақ іздеуге арналған бағдарламаларда. Мысалы, картадан белгілі мекен-жай керек болса, оны картаға кіріп уақыт құртпай басты беттен іздей беруге болады.  8) Скриншотты өңдеу  Android бұған дейін скриншотты тек түсіруге мүмкіндік беретін. Енді P нұсқасында оны өңдеп, үстіне сурет салып, сақтауға болады.  9) Батарея шығынын азайту  Android енді DeepMind компаниясымен бірге жұмыс істемек. Жаңа жоба Adaptive Battery (адаптивті батарея) деп аталады. Бұған сәйкес смартфон сирек қолданылатын бағдарламаларды батарея қуатын үнемдеу үшін белсенді тізбектен автоматты түрде өшіріп отырады. Ал жиі қолданылатын бағдарламалар тізбектің басына шығып тұрады. 10) Жаңа Material Design Andriod Material Design жобасының жаңа концепциясы Material Theming бөлімін жасап шықты. Бұл бағдарламалардың дизайнына, сыртқы құрылымына байланысты көлемді жиынтық саналады. Енді Android жаңа Material Design арқылы жұмыс істейді.

12 мамыр 2018 ж. 1 045 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 19:18
Viagra 50 Mg Costo http://ausgsm.com Viagra 100 Achat Order Now Direct Zentel 400mg Echinococcosis Internet Free Shipping

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031