» » Шекара қызметінің үздігі

Шекара қызметінің үздігі

«Жастар Отан қорғауға дайын ба?» деген сауал көптің көкейінде жүр. Оған нық сеніммен «дайын» демекпіз. Себебі, ақжолтай хабарды естіп, жас сарбаздың жетістігіне марқайып қалдық. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген Ербол Кенжебеков әскери борышын өтеу кезіндегі жеткен жетістіктері үшін «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісін кеудеге тағыпты.19 жастағы сарбаз №105 мектепте білім алған соң аграрлы-техникалық колледжге «Автокөлік жөндеу  шебері» мамандығы бойынша оқуға түседі. Қара шаңырақты тәмамдаған жас Отан алдындағы борышын өтеуге шешім қабылдайды. Өзінің ширақтығы, шалттығы, ептілігімен көзге түсіп Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы әскери бөлімге шекара қызметіне аттанады. Азаматтық борышын өтеп келген ол «Әскер мені шынықтырды, шыңдады. Тартынбай әскер қатарына қосылып, борышымды өтеп келу – мен үшін үлкен жетістік» дейді сөз арасында. Ал осындай өрендерді әскер сабына қосып жүрген сала мамандары Ерболдай жігіттердің барын мақтан тұтады.
– Әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеуді басты міндет деп санауы керек. Жасыратыны жоқ, жастар арасында әскер қатарында қызмет жасаудан бас тартатындар бар. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Ерболды және азаматтық міндетін ойдағыдай өтеп келген оның қатарластарын келісімшартпен қызмет етуге шақырамыз, – дейді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан Рүстем Тұрғанов.  

Айнұр ӘЛИ         
21 қараша 2020 ж. 1 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 814

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930