» » Жас сарбаздар әскерге аттанды

Жас сарбаздар әскерге аттанды

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері «жастар сондай, жастар мұндай» деген әңгімені жиі құлағымыз шалып жүр. Оның үстіне тренд қуған заманда «сырғалылар көбейді, туған жерін қорғауға құлықтары жоқ» деген қаңқу сөз де бар. Расымен солай ма? Жалпы, күзгі әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр? Көкейдегі сауалға жауапты аудан бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен таптық.
ҚР Конституциясының 36-бабында атап көрсеткендей, Қазақстан Республикасын қорғау – әрбiр азаматтың парызы, мiндетi. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» деген тәмсіл бар. Бір әулеттің ғана емес, халықтың ұлы болу – кез келген ер азаматтың арманы. Әсілінде, Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі. Қайсарлықтың көрінісі. Мұны жүрегі қазақ деп соққан әрбір жастың түсінері хақ. Сондай жас буындар бүгінде күзгі әскерге шақыру науқанына аянбай атсалысып жатыр. «Борышымды өтеймін» деген Елдос Қуанышов, Қолғанат Ақтаев, Ермахан Тынысбеков, Ерасыл Ідірісов, Нұржігіт Жаңғабылов, Пазыл Музаппаров, Мәжит Боранбаев, Нұржан Төлеуов, Ерлан Тыныштыбаев секілді жас өрендер ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қосылып та үлгерді. Ал енді аттанбақ ниеттегілер медициналық тексеруден өтуде. Солардың бірі – 2000 жылы туған Сырым Жаңабекұлы.
– «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдадым. Қазіргі арманым – өз еркіммен Отан алдындағы борышымды адал өтеп, үлесімді қосу. Әскер – бізді шынықтырады, шыңдайды. Облысқа жолдама алғаныма қуаныштымын, – дейді ынталы жас.
Алайда, бірі – әскерге баруға қызығып, ниет білдірсе, енді бірі – құлықсыз. Ондай жастармен учаскелік инспектор етене жұмыс істейді. Үйіне барып, ата-анасымен сұқбат жүргізіп, түсініктеме алады. Егер әскерге барудан жалтарған жағдайда оның жүгі жеңіл емес. Себебі оларды құқық қорғау органдарымен біріге отырып іздестіру жұмысы жүргізіледі. Алайда, қандай жағдай болмасын әскерге шақырылған уақытта міндетті түрде келуі тиіс. Заң бәріне ортақ. Әйтпегенде ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша азаматтың «мен әскерге бармаймын, азаматтық борышымды өтемеймін» деген арызы түссе, 387-бап бойынша 1000 АЕК айыппұл төлейді немесе 1 жыл бас бостандығынан айырылады. Өз уақытында келмеген жағдайда әкімшілік кодекс бойынша 647, 648, 649 баптарға сәйкес айыппұл салынады.
– Әскерге шақыру жұмысы жергілікті атқару органдары көмегімен атқарылады. Дәрігер, медициналық жабдықтар, көлік, полиция қызметімен қамтамасыз етілген. Дәрігердің барлығы да білікті сала маманы. Барлығы өз ісінің шебері. Жергілікті атқару органдарының ұйымдастыруымен көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысы жалғасын табуда. Әскерге аттанған алғашқы лек ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі, ҚР Мемлекеттік Күзеті, ҚР Қарулы Күштері, ҚР «Ұлттық Ұлан» әскери бөлімдеріне жөнелтілді. Осылайша желтоқсан айының соңына дейін әскери бөлімдер тағы да жас буынмен толықпақ, – дейді бөлімнің басшысы, капитан Рүстем Тұрғанов.
Мамандардың айтуынша, олар Отан алдындағы борышын өтеуді қасиетті парызым деп білетін, моральдық және психологиялық тұрғыдан мықты, физикалық жағынан мығым азаматтарға басымдық береді. Азаматтық борышын өтеуге аттанатын бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулығының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі. Әскери бөлімге іріктеу мен бөліп тарату кезінде жастардың әскер қатарына шақырылғанға дейін алған мамандығы ескеріледі. Күзгі әскерге шақыру науқанын сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында комиссия әр шақырылушыны жеке-жеке қарайды. Оның отбасылық жағдайын сарапқа салады. Моральдық жағдайына баса назар аударады. Денсаулығының жарамдылығын басты назарға ала отырып, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы шешім қабылдайды. Себебі, оларға жүктелетін міндет жоғары.
Айнұр ӘЛИ
06 қазан 2020 ж. 1 055 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 060

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031