» » Жауынгер болу - бабадан қалған аманат

Жауынгер болу - бабадан қалған аманат

Еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Отан қорғауға аттанатын бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі.
Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінің мамандары Жосалы кентінде күзгі әскерге шақырылушылардың отбасын аралап, ата-аналарымен жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда көптеген жастарымыз әскер десе, ат тонын ала қашатын дәрежеге жеткен. Осы ретте, жауапты саланның мамандары үйлерді аралап, ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Соңғы жылдары әскерге шақырылушыларды жан –жақты іріктеуге баса назар аударылған.
Бүгінгі күні әскерге шақырылушылардың моральдық-іскерлік, физикалық денсаулық деңгейін, жанұялық жағдайы, жалпы білімінің деңгейі мен арнаулы мамандық бойынша дайындығын зерттеу жұмыстарына да басымдық беріледі.
Жоғарыда аталған осы ерекшеліктер болашақ жауынгердің әскери қызметке шақырылатын бөлімдерге өз деңгейіне сай баруына үлкен әсерін тигізеді.
Демек, жыл сайын жас жауынгерлерді іріктеу жұмысының сапасына ерекше бақылау жетілдіріле түсуде.
Бұл шаралар әрбір әскерге шақыру маусымдарында да назардан тыс қалмайды.
24 қыркүйек 2020 ж. 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930