» » » Ұрпақ жалғастығы осындай болса керек...

Ұрпақ жалғастығы осындай болса керек...

Осыдан жиырма шақты жыл бұрын Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетіне «Екі орденді ер еді» атты мақаланы Иіркөл ауылының тұрғыны, тыл ардагері, кейін марқұм болған қария Жанахмет Тәжібаев деген кейіпкеріміздің ағайыны жазған еді. Онда соғыс кезінде жауға қарсы тойтарыс беруші ағамыз Тайманов Дүйсенбай жайлы оқиға жазылған. Мұны кейін газеттен соғыста қаза тапқан, хабарсыз кеткен және елге оралған жандардың тізімін көргенде біліп, автордың бұл мақаланы Жеңістің 70 жылдығына арнап жазғанын байқадық. Сөйтсек, соғыс ардагері Дүйсенбай Тайманов иіркөлдік Жанахмет Тәжібаевтың әкесінің інісі болып келеді екен.

Дүйсекең 1922 жылы Төрткүл ауылдық кеңесінің «Қызыл Жұлдыз» ұжшарында дүниеге келеді. Он тоғыз жасында әскери комиссариатқа шақырылып, 1941 жылдың желтоқсанда Жосалы стансасынан 160-тай жас эшалонға жайғасып, соғысқа аттанады. Сөйтіп, Ақтөбе қаласындағы Қазақстаннан жасақталған №101- ші дербес атқыштар дивизиясының құрамына қосылады. Әскери дивизияны арнайы қарсы алуға сол кезде Мәскеуден белгілі әскери қолбасшы К.Ворошилов келіп, бригада командирінің рапортын қабылдайды. Мұнан соң олар әскери дайындықтан өтеді де Калинин майданындағы 39-шы құрамға қосылып, соғысқа кірісіп кетеді. Аз ғана уақыттың ішінде Украинаның бірнеше қалаларын азат етуге қатысқан Дүйсекең минометшілер бөлімшесінің командирі болады. Сол уақытта небір қиындықты бастан өткерген Дүйсекең қардай бораған жау оғынан қасында тұрған жауынгер жолдастарынан айырылып қалатынын айтушы еді. Тіпті кейбір жаралы солдаттың, «мені тастап кетпеңдер жау қолына» дегендерін де естіп жүрдік дейтін. Қаншама жерлестеріміз сонда қайтыс болды. Соғысқа бірге аттанғандардың ішінде жерлесіміз Жайық Есіркепов, Бақытжан Өтегенов, Анарбек Ахметов, Әлихан Өтегенов, Бедер Боранқұлов, Орынбай Арғынбаевтар түрлі жарақатпен елге оралды. Олар да елге оралған соң түрлі салада жауапты қызметтерін атқарып, белсенділер қатарынан көрінді деп айтатын дейді автор.
Соғысқа аттанғаннан кейін тура бір жыл өткенде, яғни 1942 жылдың желтоқсанында Дүйсенбай Тайманов аяқ-қолынан қатты жарақат алып, госпитальге түседі. Онда ұзақ уақыт емделіп, келешекте соғысқа қатысуға жарамсыз болғандықтан комиссия шешімімен ол туған елге қайтады.
Елге келген соң жарақатынан айығып, №4-ші балалар үйі директорының орынбасары қызметіне тағайындалады. Жосалыдағы шағын үйдің жұмысы да едәуір қиындыққа тап болғанын сезеді. Бірақ қолдан келгенінше бар жақсылықты балаларға жасауға бел буады. Соның нәтижесі болса керек, оның үстіне ауқымды шараларды іске асырғаны үшін есімі «Алтын кітапқа» енгізіледі.
Арада бес жыл өткенде Дүйсекең Қармақшы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне шақырылады. Мұнда оған аға инспекторлық қызмет ұсынылады. Қызметті еш қарсылықсыз құп алған ол бұл іске де бірден кірісіп кетеді.
Д.Тайманов өмірлік серігін тауып, Жамал есімді қызға үйленеді. Содан Совет (жұрт аузында Сәбит аталып кеткен Т.К.) есімді ұлдары дүниеге келеді. Әке тәрбиесі мен ана құшағында өскен бала ер жетіп, ел қатарлы еңбек етеді. Алғашында аудандық халық сотында сот орындаушысы болып істейді.
Бұл да кәдуілгі жігіт атанған шағында өз жарын тауып, Қаламқас есімді оралдық қызбен бас құрайды. Жоғары білімді Қаламқасты сол кезде аудандық партия комитеті есепші етіп қабылдайды. Онда ұзақ жыл еңбек еткен Қаламқас кейін халық депутаттары аудандық атқару Кеңесіне инспектор болып ауысып, сонда мінсіз қызметін жалғастыра түседі. Бұл кезде оның жолдасы Совет Тайманов аудандық мемлекеттік сақтандыру мекемесінда жауапты қызмет атқарып жүрді. Тұңғыштары Нұрлан – жоғары білімді заңгер болса, Ерланы – Ауған соғысының ардагері, Еркіні – Нұр-Сұлтан қаласында әскери полиция қызметкері болып, содан запастағы офицер қатарына енеді. Еркін жұбайы Толқынмен бірге 4 бала тәрбиелеп өсірді. Баласының үлкені – Темірлан.
Иә, Еркіннің баласы, Советтің немересі, Дүйсекеңнің шөбересі болып келетін сол Темірлан Советов қазірде әке жолын қуып, Нұр-Сұлтан қаласындағы әскери полицияда қызмет атқарып жүр.
Советтің үлкен ұлы Нұрлан, Ерлан, Еркін, қызы Гүлжан да жоғары білімді маман. Таймановтар әулетінің ұрпақтары осылайша сабақтаса, ата, әке тәрбиесін алып, еліміздің әр саласында қызметтерін атқаруда. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы болар.
Соғыс ардагері атанған әулет ағасы Дүйсенбай ақсақал аудандық әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінде 41 жыл еңбек етті. Сол жерден 1987 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Кейін соғыстың ауыртпалығынан науқасты болып, 1993 жылы өмірден өтті.

Төребай КЕНЖЕБАЙ
04 шілде 2020 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 000

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031