» » Беларусьте соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандықтардың стелласына гүл шоқтары қойылды

Беларусьте соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандықтардың стелласына гүл шоқтары қойылды

Беларусьте соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандықтардың стелласына гүл шоқтары қойылды Беларусь елінде де Отан қорғаушылар күнін кең көлемде атап өтті.
Минскте Қазақстан елшісі Ермұхамет Ертысбаев бастаған делегация Екінші дүниежүзілік соғысында қаза болған қазақстандықтардың құрметіне орнатылған стеллаға гүл шоқтарын қойды. Шараға қатысқан жастар соғыс көрген ардагерлермен жүздесті.
Мына суреттегі Мырзатай Берікбаев. Майданға сұранған бозбаланың жасы сол кезде небәрі 17-де еді. Әскери қызметке жасы толмағандықтан өжет жігіт өзіне бір жас қостырып жазып, қиян-кескі ұрысқа аттанады. Қызметінде полковник шеніне дейін жоғарылап, Сталинград шайқасы мен Кенигсберг шабуылына, Берлинді алу мен Беларусты азат етуге қатысқан  жауынгердің кеудесі орденге толы. Соғыс аяқталған соң Мырзатай Берікбаев өзі азат етуге қатысқан Беларусь жеріне тұрақтап қалады. Өмірінің 72 жылын алшақта өткізген  95 жастағы қария сағынғанда Қазақстанға, туған өлкесі – Шымкент облысындағы Кемербастау ауылына келіп қайтады. 
Мырзатай Берікбаев, соғыс ардагері:
- Отанды қорғап, достықты нығайта білу керек. Өйткені, достық болмаған жерде өмір сүру мүмкін емес. ҰОС кезінде тек достықтың арқасында жеңіске жеттік. Қазір әр мемлекеттің өз президенті бар болса да, біз Кеңес одағында бірге өмір сүрген халықтардың перзенті ретінде әлі күнге туған бауырдай сағынысып, көрісеміз.
Қазақстандықтардың Беларусь жерінде көрсеткен ерліктерінің құрметіне Минск қаласының орталығында «Естелік стелласы» бой көтерген. Дәл осы стеллаға соғыс ардагерлері мен олардың ұрпақтары гүл шоқтарын қояды. Беларустар үшін де соғыс – жан жабырқатар тақырыптардың бірі. Себебі елдің әрбір үшінші тұрғыны майданнан қайтқан жоқ. Тек ғана Брест қамалын қорғаушылар арасында Қазақстаннан барған 3 мыңға жуық сарбаз бен командирлер болған. Ал Беларусь үшін шайқаста ондаған мың қазақстандық қолға қару алып, соғысқа қатысты. Олардың бірқатары осында жерленген. 
Ермұхамет Ертісбаев, Беларусь Республикасындағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі:
- Беларусьтегі соғысты еске түсіретін көптеген жерлер бар. Осы жерді қорғауға партизандар мен совет әскерінің құрамында болған қазақстандықтар қатысқандықтан, Беларусь халқы қазақстандықтардың бейітіне құрметпен қарайды. 500-ден аса жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атағын алса, соның 84-і дәл осы Белоруссияда көрсеткен ерлігі үшін марапатталған.
Жақын арада Беларусь мен Қазақстанның, Ресей мен Украина ардагерлері Жеңіс күніне арналған салтанатты  шеруде бас қосады. 9 мамырда Минскіде батыр ата-әжелерді мерекемен құттықтап, осы күнге жете алмай, құрбан болғандарды еске алады. Осыдан 73 жыл бұрынғыдай, сарбаздар жеңіс пен әскери бауырластықтың рәмізі – салтанатты от-шашуды тамашалайды. 
Қазақстан делегациясы Минскіден бөлек соғыс кезінде қазақстандықтар азат етуге қатысқан Радошковичи кішкентай қалашығына баруды жоспарлап отыр. Дәл осы жерде бүгінгі ұрпақ бізге жеңіс сыйлап, бейбітшілік тұғырын бекіткен әкелеріміз бен аталарымызға құрмет көрсетіп, алғыс айтпақ.
24kz

08 мамыр 2018 ж. 1 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 286

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 381

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930