» » » Би де бір жұмбақ әлем

Би де бір жұмбақ әлем

ЖОСАЛЫ, 7 сәуір – qarmaqshy-tany.kz «Қазақтың ұлттық би өнерінде аты шыққан кімдер?» дегенде ойымызға Шара Жиенқұлова мен Шұғыла Сапарғалиқызы оралады. Өмірін би өнерімен ұштастырып, үлкен сахнаға алып шыққан да осылар. Қазақта «Қамажайдан басқа би жоқ» деген талайдың аузына құм құйып, қазақтың биі өзінің ұлттық салт-дәстүрі мен тұрмыстіршілігінен туындағанын жеткізуден шаршамады. Би – ұлттың рухы, өткені мен бүгіні, тарихы. Осынау өміршең өнерді өрнек еткен бишінің бірі – Айшолпан Серікқызы.

   Әдетте қыз бала ес біле бастағанда қолына шүберек алып қуыршаққа көйлек тігеді. Айналасындағы қызылжасылды жылтыраққа әуес келеді. Биге құмартады. Біздің кейіпкеріміз де тігін тігу мен биді қатар ұстаған ару.
   – Оқу бітіріп, негізгі таңдаған мамандығым – тігінші. Ал би өнеріне сонау мектеп жасымнан машықтандым. Үйірмеге қатысып арманыма қанат бітірдім. Кейін колледжге оқуға түскен соң тойларға биге шығып жүрдім. Уақыт өте «Нұр-Ару» би тобын құрып, сахнадан табыла бастадық, – дейді Айшолпан.
   Ол жүз шайыр шыққан қасиетті мекен – Тұрмағамбет ауылының жас келіні, аяулы ана. Жолдасы Алмат өнерден құралақан емес. Жыраулар үйірмесінің жетекшісі. Ауылдың белді өнерпазы. Отбасылық тату-тәттілікпен қатар өнердің қасиетін қоса бағалаған ерлі-зайыптылар ауылдық клубта қызмет етеді.
   2017 жылы тұрмыс құрып, бала күтімімен екі жыл үйде отырған биші ауылға үлесім тисін деген ниетпен жұмыс іздей бастайды. Жұмыстың ыңғайы болмаған соң соңғы үміті – шаруашылық басшысы әрі аудандық мәслихаттың депутаты Нұржан Пірмантаевтан көмек сұрайды.
   – Ол кісіге алғысым шексіз. Әуеліде саған лайық жұмыс тауып бере алмаймын, бізде тек екі қолға бір күрек ұстайтындарға жұмыс барын айтты. Артынша «би үйретуге шынымен ықыласың болса, бала жинап үйірме ашып көр. Бірақ үйірме ақылы болсын. Саған әрі еңбек ақың болады» деп ұсынысын айтты. Мен оған қуана келістім. Міне, қазір клубта үш күн, балабақшада екі күн бүлдіршіндерге би үйретемін. Би үйреніп жүрген отыз алтыдай шәкірттерім бар. Оларды жасы бойынша екі топқа бөлгенмін. Бастапқыда қобалжыдым. Ата-аналардың сенімінен шыға аламын ба? деген қорқыныш басым еді. Керісінше бәрі маған балаларын шын сеніммен тапсырды. Шәкірттерім алғыр, талантты. Ешқайсысын бөліп жармаймын, – дейді А.Серікқызы.
   Сондай-ақ үйірме жетекшісі бишілік өнерге қанат бітіріп, болашақ мамандық таңдауына септігін тигізген Қалдыгүл, Ақайша, Замира есімді ұстаздарына шәкірттік үлкен алғысын білдіріп жүреді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
07 сәуір 2020 ж. 2 008 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031