» » » Құрақ көрпеге сұраныс жоғары

Құрақ көрпеге сұраныс жоғары

Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб және неше түрлі нақыштағы оюлардан, өрнектерден құралған құрақ көрпе әр қазақтың үйінде бар. Алайда, бүгінде ол көрпелерді арнайы шеберлер немесе үлкен әже, апаларымыз ғана тіге алады деседі. Бұл қате пікір. Себебі, біз жазғалы отырған кейіпкер 25 жастағы жас ана. Мемлекеттің жастарға берген мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, бүгінде өз кәсібін ашты. Бұл нағыз рухани жаңғыру болып тұр.


«Тігіншілік тектен келеді», – дейді біздің бүгінгі кейіпкеріміз.

Бала күнінен тігіншілікке құмартқан Эльвира Әзірбекова «Zhas Project» жобасын естіген бойда-ақ бағын сынауға бел буған. Жақын­дарымен топтық жұмыс істеп, грант жеңімпазы атанады.
Тұла бойында өнер тулаған жас ісмердің қолынан шыққан әсем дүниелерді көріп, көзайым болдық.

– Бұл қасиет нағашыларымнан қонса керек. Өйткені, нағашы әжем ісмер кісі еді. Тоқыма тоқу, киім тігу дегеннің барлығын өз қолымен жасайтын. Әжеміз бізді кішкентайымыздан-ақ тігіншілікке баулыды. Мектеп қабырғасында жүргенде тігіншілік, тоқу өнерінен түрлі бай­қау­ларға қатыстым. Әрине, адам өзіне ұнаған іспен айналысады. Ал, оны одан әрі дамытуға мүмкіндік туа бермейді. Жобаны естіген бойда-ақ қатысуға шешім қабылдадым. Жоба әзір­ледік, қорғадық, жеңімпаз атандық. Нәти­жесінде шағын «Аяна» қыз жасауы шеберханамызды аштық, – деп жүзіне күлкі үйірді жас ісмер.

Эльвира Әзірбекқызы тек қыз жаса­уын әзірлеп қана қоймай, заманауи перделер, ұлттық нақыштағы көйлектер, автокөлікке қаптама, орамалды сәндеп тігу, карона жасау, сөмке тігу, тұсаукесерге арналған заттар жасауды қолға алмақ. Асқан төзімділік пен еңбекқорлықты талап ететін кәсіпті таңдаған ол көз майын тауысса да, әдемілік сыйлап, жұрттың көңілін көтеретін іспен айналысуда.
– Алға қойған мақсатым көп. Жоба аяқ­тал­ған соң жеке кәсібімді одан әрі дамытып, үлкен тігін шеберханамды ашқым келеді. Өзім 2 баланың анасымын. Олардың болашағы үшін талмай еңбек етемін. Қазақтың ұмытылуға шақ қалған оюларын сәндеп көрпешеге түсіріп, қолжетімді бағада сатылымға шығару – мақ­са­тымның бірі. Құрақ көрпе тігу әрбір қыз-келіншектің қолынан келуі керек. Барлық жағынан да үлгеруге тырысамын, тың идеямды жүзеге асыруға талпынамын. Сырт көзге жеңіл көрінгенімен бір қиындының өзіндік жұмысы бар. Бұл – көз майыңды тауысатын, ұқыптылықты қажет ететін жұмыс. Алдағы уақытта қызым 5-ке толғанда осы өнерді үйреткім келеді, – деді Эльвира Әзірбекова.

Бүгінде жас ісмердің қолынан шыққан бұйымдар «Zhas Project» жобасының ережесі бойынша белгіленген уақытқа дейін әлеуметтік осал топтағы жандарға тегін таратылады. Ал, жоба өз мәресіне жеткенде жас ісмер өз кәсібін одан әрі дөңгелетіп алып кетеріне сенім мол.


Айнұр ӘЛИ
26 қараша 2018 ж. 1 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031