ТІГІНШІ

Алла пендеге тоқсан тоғыз қасиет береді», – дейді дінімізде. Соның әр адамға бес, алты қасиеті дариды-мыс. Сондай қасиеттің бірі – ісмерлік. Өзінің шеберлігімен елдің алғысына бөленіп, ризалығын алып жүрген  Дариха Әбдібекқызы биыл отыз алтыншы жылын тігіншілік кәсіппен  өрнектеуде.


1981 жылы Шымкент оқу комбинатынан «Тігін ісі» бойынша бір жылдық оқу курсын бітірген Дариха аудандық халықтың тұрмыстық қажетін өтеу комбинатына жұмысқа орналасады. Ондаған қыз-жігіттермен иін тіресе жүріп, еңбек еткен бойжеткен қатарынан озық болды. Өзін тігіншілік өнеріне арнаған ісмердің қолынан келмейтіні жоқ. Қыстық киімнен бастап жаздық көйлекке дейін өңдеп, тігіп береді. Кейбірін  жөндейді, кейбірін оюлайды. Не керек әйтеуір қай істе де шебердің қолы ортақ.
– Мектепте оқып жүргенімде өз көйлегімді өзім тігетінмін. Кейін келе тігіншілік сүйікті ісіме  айналды. Арнайы мамандық алып, тігіншілікке бет бұрдым. Қай кезде де тапсырыспен жұмыс істеймін. Қолымнан бәрі келеді десем, артық айтқаным емес. Тұтынушының жұмысыңа риза болғанын көргенде қуанышқа кенелесің. Тігіншілік – қыздарға, жас келіншектерге, жалпы жастарға керек мамандық. Өз көйлегіңді өзің тігіп кисең де пайда. Маған тігінді үйренгісі келетін қыз-келіншектер көп келеді. Қолым бос уақытта оларға үйретуден жалықпаймын. Тігіншіге керек ең басты қасиет – шыдамдылық пен ынта. Береке – ерінбей еңбек еткенге бітеді. Осы кәсіппен шағын отбасымды асыраудамын. Табысы жаман емес. Жолдасым Құдайберген Жаппасбаев пен балам отбасындағы қолдаушыларым, – дейді ісмер.       
Қанатсыз құс секілді, армансыз адам болмайды. Дариха Лақбаеваның «жеке кәсібімді ашсам» деген де арманы бар.
Шебердің жұмыс бөлмесіне кіргенімізде қайта жөндеуді қажет ететін көйлек-көншектен көзіміз сүрінгендей болды. «Осыншама дүниені қалай игереді  екен» деген ой келді бізге. Шеберге аудан тұрғындарынан бөлек, балабақша,  мектеп ұжымы да тапсырыс береді екен.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
26 қараша 2018 ж. 5 036 1

JeaCold от 6 ақпан 2019 16:33
Priligy 60 Mg Costo Fairy Pharmacy Order Celebrex No Prescription viagra Where to buy generic isotretinoin isotrex shop Levitra Ubers Internet Generic Adderall Buy Canada viagra Buy Amoxicillin No Prescription I Want To Buy Eal Viagra Amoxicillin And Juice buy viagra online Cialis 40 Mg Propecia Zwanger Sinus Infection Cephalexin

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031