» » ZHAS PROJECT: НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?

ZHAS PROJECT: НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?

Бүгінде өңірде түрлі салада еңбек етіп жатқан кәсіпкерлердің дені жастар. Елбасының қолдауымен іске асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілген мүмкіндіктер, жастар идеясының жүзеге асуына септігін тигізуде. Сондай жастарға арналған бірегей бағдарлама – «Zhas Projeсt» әлеуметтік жобасы. Бүгінде аталмыш жоба аясында жұмыс қарқынды жүргізілуде. Биыл жоба шеңберінде шамамен 3 500 адам қамтылған. Облыс бойынша 269 грантты жас кәсіпкерлер ұтып алса, оның ішінде аудан жастарының үлесіне 14 грант тиесілі болды.
Тың идеясы бар жастардың жобасы сақадай-сай болға­нымен, қаржы қолбайлау болса, бизнеске ену мүмкін емес. Ал, «Zhas Project» әлеуметтік жобасы мұндай жастарға қаржылай демеушілік көрсетіп, жеңімпазға 1 000 000 теңге көлемінде қай­тарымсыз грант негізінде қаржы береді. Халықаралық қайта құру және даму банкі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлес­уімен жүзеге асқан жоба өткен жылы бас­талып, еліміздің төрт облысынан 2000-ға жуық жасты қамтыған. Ал, биыл «Zhas Project» жобасы облыс­та алғаш рет іске асып, жеңімпаздар анықталған болатын. Облыс бойынша жобаға қатысуға 670-тен астам жас тәуекел еткен. Жуырда іріктеу сынынан өтіп, миллион ұтып алған жастардың саны белгілі болды. Бүгінде жобаны үйлестіру тобы ерекше идея иелерін сараптап, жеңімпаздарды қаржыландыру жұмыстарын жүргізу­де. Оның ішінде аудан бойынша 14 жоба үздік деп танылған. Солардың бірі – Нұргүл Темірханова. Біршама уақыт бойы кәсіп ашуды көздеген ол «Zhas Project» жобасын естіген бойда өз идеясын апарады. Марат Мәмілеұлы, Ақшолпан Нұржанқызымен бірігіп топтық жұмысқа білек сыбана кіріседі. Креативті идеяны іздеген жоба нәтижесінде грант ұтып, «Нұргүл» ойын-сауық орталығын ашуды жоспарға алады.
– Жобамыз ауыл жастарына, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған. Мұны дайындамас бұрын біршама уақыт ойландым. «Бізде қандай кәсіп жоқ» деген сауалға жауап іздедім. Ойлана келе ойын-сауық орталығын ашуға бел байладым. Өңірдің өзінде жастар түрлі-түрлі креативті идея ұсынды. Оның ішінен топ жарып, грантқа ие болғанда бөркімізді аспанға аттық. Себебі, жобамыздың, қамқорлығы жоқ, жағдайы төмен балаға үлкен көмегін тигізеріне сенім мол еді. Оған жасөспірімдер, студенттер, жетімдер мен жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар қатыса алады. Жалпы жоспарда 22 баланы қамтимыз. Оларды күнделікті орталыққа апарып, көңіл-күйін көтеріп, уақытын қызықты өткізуге тырысамыз. Жаман нәрсеге әуес болмау үшін саламатты өмір салтына баулимыз. Әр жексенбіде жарыстар ұйымдастырып, оларға үміт сыйлаймыз, – дейді Нұргүл Мәмілеқызы.
Алдағы уақытта Нұргүл жас­тардың уақытын тиімді өткі­зуіне орталық алаңға велосипед, гироскутер әкелуді жоспарға алған. Тек қыркүйектен бастап қаржы аударылса болғаны.
Айнұр ӘЛИ
28 тамыз 2018 ж. 2 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031