» » АҚЫН МҰРАСЫ МӘҢГІЛІК

АҚЫН МҰРАСЫ МӘҢГІЛІК

Биыл – қазақтың кемеңгер ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл.
Екі ғасырға жуықтаған уақыт – ұлт тарихындағы айтулы белес, рухани құндылықтарымызды қайта саралайтын, Абайдың мұрасын жаңа қырынан танып, терең түсінуге арналған тарихи мүмкіндік.
180 жыл бұрын жарық дүние есігін ашып, халқының салтсанасына төңкеріс жасаған Абайдың ой-тұжырымдары бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Себебі Абай өмірі – ұлтымыздың айнасы.
Абайдың ақындық мұрасы – әдебиетіміздің алтын діңгегі. Оның қаламынан туған жырлар терең мағынаға, ұлт тағдырына, адамзаттық мәселелерге толы. Абайды оқыған сайын, жаңа бір қырынан танып, ой тереңіне бойлай түсесің. Абай әлемін мәңгілік руханият кеңістігі ретінде қарастырсақ та артық емес.
Оның шығармаларын оқыған сайын әр жолынан жаңа ой, жаңа мағына табасыз. Мәселен, махаббат жайлы жырлары жүректі тербетсе, табиғатты суреттеуі жанды жадыратады. Ал қара сөздері – адам жанының айнасы, тәрбиенің темірқазығы. Бүгінгі жас ұрпақ Абайды оқып қана қоймай, оның айтқандарын жүрекпен сезінуге, өміріне қолдануға тиіс. Себебі Абай – біздің рухани бағдаршамымыз. Абайдың сөзімен өмір сүрген жан адаспайды, арсыздық пен надандыққа бой алдырмайды.
2020 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні деп белгіленіп, арнайы аталып өтіліп келеді. Абай күні ретінде 10 тамыздың белгіленуі бекерден-бекер емес. Ғылыми ортада дана ақынның туған күні туралы екі нұсқа таралғаны белгілі. 10 тамыз күнтізбеге Абайдың туған күні ретінде ресми бекітілді.
Абайдың әдеби, ғылыми мұрасы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды жаңа буын ұрпақтардың тануы, бағалауы үшін мәңгілік бағдар бола береді.
Анар Тәнкеева Әскербекқызы,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасының бас маман
бас қазынашысы
08 шілде 2025 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 620
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031