» » » Қуат алып Абайдың тіл күшінен....

Қуат алып Абайдың тіл күшінен....

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! – деп, ақын болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі. Даланы торлаған надандық, білімсіздік, ашкөздік, өтірікші, өсекші, мақтаншақтық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

   Ол өз дәуірінің өмір шындығын, рухани болмысын танып біліп, өлеңмен, қара сөзбен өрнектеген ақын. Ұлы Абай – ұлт поэзиясының кемеңгері Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының өркендеуі үшін күрескен Ұлы ойшыл, көрнекті ақын, классикалық әдебиеттің негізін салушы. Заман ауысып, уақыт алға жылжыған сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде. Ұлы бабамыздың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосуда.
   Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл толады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында жазды.
   Ойшыл, ұлы Абай оқу-ағарту саласына да өз көзқарасын білдірді. Болашақ ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатта білімнің екі түрі болады: біріншісі – материалдық та, екіншісі – рухани деп тұжырым берген. Материалдық білімге табиғатты зерттейтін барлық ғылым, оның ішінде қоғамдық қатынастар жөніндегі көпшілік білімдерді жатқызса, рухани білімге – табиғатты және олардың арасындағы қарым-қатынасты санайды. Материалдық білім – рухани білімнің бір бөлігі, сондықтан рухани білім материалдық білімді қамтиды.
   Абайдың танымында білім алудың үш әдісі бар. Олар сезім, көріп білгенді логикамен саралау және басқа біреуден есту. Біздер, ұстаздар, осы кемеңгер тұлғаның мұрасын үнемі есте сақтап, жас ұрпақты тәрбиелеп келеміз.
   Иә, Абай шығармашылығы – уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра. «Соқтықпалы, соқпақсыз» заманда өскен, «Атаның баласы емес, адамның баласы болуды» насихаттайтын ғұлама хәкім «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» деп толғанады. Оның ойынша, адамзатты, әділетті сүю – толық тұлғаға тән басты кісілік қасиет.
   Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев Абайдан қалай нәр алғанын былайша толғайды.
– Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден
– десе, классик-жазушы Мұхтар Мағауин «Қазақтың қасиетін тану – Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу – Абай тағылымын бағындырудан басталмақ. Абай – қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі – халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпейтін заңғар» деп бағасын береді.

Шынар БОЛАТҚЫЗЫ,
№183 мектеп мұғалімі
01 мамыр 2020 ж. 1 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 997

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031