АБАЙ МҰРАСЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ ҚАЗЫНАСЫ
Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет. «Рухани жаңғыру» түптеп келгенде, осы міндетті жүрекпен сезініп, ешқандай нұсқаусыз орындау керек екенін біз - Президент Қ.К.Тоқаевтың осы мақаласынан түсінуіміз керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек деген сөзінде үлкен мән жатыр. Руханилық - Абай философиялық идеясының негізгі мәселесі. Ақын философиясындағы руханилық категориясы - адам болудың әмбебап өлшемі және жеке адам мәдениеті ретінде негізделеді. Абайдың өмірге деген көзқарасын танып, рухани мұрасының парқын түсіну арқылы рухани жаңғырудың маңызын түсінесіз.
Осы мақаласы арқылы Президенті жақсылықты, адалдықты ту еткен данышпанның қоғамдағы орнын айқындап, оны оқудың шексіз мәнін ашты. Абай ілімінің негізгі өзегі – адам санасының ізгілікке өзгеруі. Ақын қоғам тәрбиесі жеке тұлға тәрбиесінен бастау алатынын көрсетті. Адал жолмен жүрмей, адам түзелмейді, адам түзелмей, қоғам түзелмейді, қоғам түзелуі үшін әркім жеке-жеке өзін-өзі түзетіп, адалдықтың ақ жолын аңғарып алғаны абзал. Әрбір тұлға ойшылды ойлы көзбен оқи алса, онда ол өзін-өзі тазалайды.
Қазіргідей даму бағдарымызды болжап, жаһандану кезеңіне аяқ басқан шақта Абай салған сара жолмен жүру аса маңызды. Нағыз жаңғыру – Абай. Абайсыз рухани жаңғыру мүмкін емес. Ендеше, Абайдың рухани мұрасын танып, оның көрсеткен бағыт-бағдарымен жүрсек жаңылмаймыз.
Абдикалиева Гулхан Самалбековна,
Қармақшы аудандық білім бөлімінің
«№277 мектеп-лицейі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі