» » АБАЙ МҰРАСЫ – ЕЛГЕ МҰРА

АБАЙ МҰРАСЫ – ЕЛГЕ МҰРА

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бәрімізге үлкен ой салды.
Абай атамызды құрметтеу арқылы - ұрпаққа тәрбие беруді, оның мол мұрасын оқып, білу арқылы - еліміздің өсіп-өркендеуі жолында қоғамның рухани кәдесіне жаратуды алға тартады. Сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашуға Абай шығармаларының тигізер пайдасы мол.
ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу болса, онда да Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену, өзімізден озық тұрған жұрт¬пен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор екенін айтады.
Абайдың көз¬қарастары казіргі таңда әділетті қоғам идеясын дамытуға үндейді.
Қазір Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі жүріп жатыр. Әр қадамымызды анық басып, әлемде және елімізде болып жатқан оқиғаларды байыппен сараптай білуіміз қажеттігін айта келіп, тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған татулық пен бірлікті бәрінен жоғары қою керек-дейді Президент.
Сондықтан ұлы Абай мұрасын ұлықтау арқылы еліміздің береке-бірлігі жолында аянбай еңбек етейік.
 Дастан Буханов,
аудандық мәслихат депутаты
09 қаңтар 2020 ж. 1 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031