» » » Елордада «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті

Елордада «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті

Астана жаңалықтары: Елордада «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті
Бүгін Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараны Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Абай ескерткішінің алдында өткізді. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым ету, Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, әдеби мектебін, тіл мектебін, ұлт пен рух мектебін ашу, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру.
Абайдың туған күніне арналған іс-шара ең алдымен Абай ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Әдеби-сазды кештің шымылдығын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ақын Несіпбек Айтұлы ашты.
«Абай қазақ руханиятының жарық жұлдызы, әр заманда түлеп, жаңарып отырады. Абай – өз заманын жаңғыртқан, жаңартқан ақын. Абай халқын ұлы мәдениетке, ұлы руханиятқа шақырды», деді ақын, Мемелекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай, дәстүрлі ән дүлдүлі Ерлан Рысқали өзге де елорда өнерпаздары Абай әндерін орындады.
«Біз Абай атамыздың рухани мұрасына қайта-қайта оралып, оның терең тұңғиығына бата түсеміз. Себебі Ұлы ойшыл атамыз шығыс поэзиясында қалыптасқан ұлы дәстүрлерді жалғастырушы ғана емес Фердоуси, Зинами, Әлішер Науаи секілді шығыстың Ұлы ойшылдарының ізбасары, рухани ойды одан ары дамытушы. Адамзат өркениетіне өз үлесін қосқан ұлы қайраткер», деді Ермек Аманшаев.
Сонымен қатар, кеште Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі қазақ күйлері мен түрлі композициялар тарту етіп, танымал күйші Айбек Бекбосын Абайдың күйін шертті, Абайдың образы сомдалып, монологтар оқылды, жас ақындар Абай өлеңдерін және ақынға арналған өз жырларын оқыды.
Сондай-ақ, көпшілікке арналып ашық аспан астында «Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Хакім Абайдың туған күніне арналған шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен ақсақалдар, қала басшылығы, оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
kerekinfo.kz
24 тамыз 2018 ж. 2 084 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930