» » Өзбекстан президенті Абайды насихаттау туралы қаулыға қол қойды

Өзбекстан президенті Абайды насихаттау туралы қаулыға қол қойды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан президентінің сайтына сілтеме жасап.
Құжатта ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының есімі мен мол шығармашылық мұрасы қазақ халқының ғана емес, барша түркі халықтарының, оның ішінде өзбек халқының рухани даму тарихында өшпес із қалдырғаны айтылған. Абай Құнанбайұлының өмір жолы, оның қайталанбас шығармашылығы Отанға, ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтарына деген адалдықтың жарқын үлгісі болып қала береді.
«Екі халықтың достығы мен бауырластығының нығаюына елеулі үлес қосқанын ескере отырып және Өзбекстан қоғамының қазақ әдебиеті мен өнерін тереңірек тануы үшін мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мақсатында Өзбекстанда Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеу мен насихаттау туралы ұсыныс мақұлдансын», – делінген құжатта.
Қаулыға сәйкес, ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеу мен насихаттау бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, ұйымдастыру комитетіне бір айлық мерзімде шаралар тізімінің жоспарын әзірлеу тапсырылды.
Сонымен бірге, құжатта Абайдың «Таңдамалы» шығармалар жинағын және «Өзбек-қазақ әдеби байланыстары» әдеби-сараптамалық мақалалар жинағын әзірлеп, баспаға беру ұсынылған.
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетіндегі «Абай және өзбек әдебиеті» көрмесін тұрақты түрде ұйымдастыру және жыл сайын 10 тамызда – Абайдың туған күнінде Ташкенттегі ақын ескерткіші жанында салтанатты шаралар өткізу, оқушылар мен студенттер арасында «Абай шығармаларының білгірі» шығармалар байқауын ұйымдастыру ұсынылып отыр. Одан бөлек, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен теле, радиоматериалдар әзірлеу, оқу орындарындағы мектептерде, әскери бөлімдер мен ұжымдарда тақырыптық кештер өткізу қарастырылған.
15 наурыз 2018 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (9773)

21 наурыз 2019 ж.

№20 (9772)

16 наурыз 2019 ж.

№19 (9771)

12 наурыз 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

21 наурыз 2019 ж.
"Қош келдің Әз Наурыз!"

"Қош келдің Әз Наурыз!"

20 наурыз 2019 ж.
ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

18 наурыз 2019 ж.

Суреттер сөйлейдi

Қош келдің Наурыз
21 наурыз 2019 ж. 588

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031