» » Ұйымдастырар шаралардың ауқымы кең

Ұйымдастырар шаралардың ауқымы кең

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жариялады. Мақалада Абай сөзінің бүгінгі заман үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екені жөнінде жұртшылықпен ой бөліседі.
Абай – ұлы ақын, жазба әдебиетінің негізін қалаған ойшыл. Ақынның шығармалары мен қарасөздері педагогикалық ой-пікірге, тәлім-тәрбиеге, даналыққа толы. Мектеп қабырғасында Абай шығармалары бастауыш сыныптан оқытыла бастайды. Абай туындыларын бастауыш сынып оқушыларына оқыту үлкен шеберлікті қажет етеді. Абайдың даналыққа толы туындыларын бастауыш сынып оқушыларына оқыту нәтижесінде оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дарытуға болады.
Өзім сабақ беретін бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінде берілген Абай шығармаларын оқытуда терең мән беремін. Абайдың жылдың 4 мезгіліне арналған өлеңін, қарасөзін, өнер-білімге шақырған шығармаларын оқыту кезінде оның балалық шағы, туып-өскен ортасына кеңірек тоқталамын. Балалар зерттеу жұмысын жүргізіп, сабаққа өз жобасын жұп болып, топ болып дайындайды. Абай өлеңдеріне жан-жақты талдау жүргізіп, түйінді ойларын айтады. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді аша отырып, өмірден мысал келтіреді. Бейнесюжет көру арқылы мәліметтермен танысып, зерттеу жұмысын жүргізеді. Сыныпта оқушыларға «Абай оқулары» ұйымдастырылып, нәтижесінде оқушыларым аудандық байқаудың жүлдегері атанды. Сонымен қатар оқушылар ұлы ақынға арнап арнау өлеңін, эссе жазды.
Президент мақаласында «Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы деуге болады. Ұлы ойшыл шығармаларында кәсіптен нәсіп тапқандарды, шаруақорлыққа үйрену дағдыларын үлгі етеді. Ол тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек етудің жаңа тәсілдерін меңгеруге шақырады. Сонымен қатар ақын бастамашылдықты, кәсіптегі адалдықты жоғары қояды» дейді. Расымен Абай өлеңін ақтара қалсаңыз адал еңбектің наны тәтті екенін аңғартып тұрғандай. Әрине бұл тәрбие оқушылардың бойына терең енсе оның мұрасы ұрпақтан ұрпаққа дәріптеле бермек.
– Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді, – деп мақаланы түйіндейді мемлекет басшысы.
Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл. Ұйымдастырылар шаралардың да ауқымы кең. Алдағы уақытта да мектептегі шаралар өз жалғасын таба бермек. Себебі қазір «Мәңгілік ел» идеясы негізінде жас ұрпақты рухани жаңғыру аясында тәрбиелеуде Абай шығармаларын жан-жақты оқытудың тиімділігі зор.
Гүлжанат НҰРМАХАНОВА,
№106 орта мектептің
мұғалімі
09 қаңтар 2020 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031