» Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл. А.Құнанбаев – ұлы ақын, жазба әдебиетінің негізін қалаған ойшыл. Ақынның шығармалары мен қарасөздері педагогикалық ой-пікірге, тәлім-тәрбиеге, даналыққа толы. Мектеп қабырғасында Абай шығармалары бастауыш сыныптан оқытыла бастайды. Абай туындыларын бастауыш сынып оқушыларына оқыту үлкен шеберлікті қажет етеді.
Оның әрбір өлеңі балаға жан-жақты тәрбие беруді ойластырады. «Ғылым таппай мақтанба», «Сабырсыз, арсыз еріншек», «Әсемпаз болма әрнеге», «Бойы бұлғаң» өлеңдері балаларды ғылым-білім үйенуге шақырып, адам бойында кездесетін жақсы, жаман қасиеттердің жігін түсінуге жетелейді. Адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиесіне де ерекше мән берген ақын. Оның дәлелі: «адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап татып – естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» деген даналық ойы, яғни адам ақыл-ойының, есінің тәрбие арқылы ғана жетілетінін ғылыми түрде дәлелдеген.
– Әсемпаз болма әрнеге,
Өн­ер­­­­­­паз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан, – деп жас ұрпақтың белгілі бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен нан табуын уағыздайды. Ол үшін қайырымдылық пен адалдық, қайрат пен ақыл керек екенін тағы ескертеді. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде “адам болам” деген жастарға бес зиянды нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан еш пайда жоғын өсиет етеді.
Мектепте оқу-тәрбие үрдісінде Абай мұрасын қолдану өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-парасаты биік болуына, мінез-құлқы, іс-әрекетіне ықпалы зор екені даусыз. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы бас­ты нысаны «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп жас буынды елдің, халықтың қамын ойлайтын, адал қызмет ететін ұрпақ болуға шақырады.
Ұлы ақын өзінің 38-қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұят­сыздық – бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны» дейді. Түсіне білген адамға астары терең осы сөз өз еңбегімен күн көруді, кісі ақысын жемеуді, арамдықтан бо­йын аулақ ұстауға тәрбиелейді.
– Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деп ұр­пағына даналық ақылын айта отырып, талапты болуға, жақсыдан үлгі алуға, ғылым, білім үйренуге үндейді.
Міне, Абайдың осындай да­налыққа толы туындыларын бастауыш сынып оқушыларына оқыту нәтижесінде оқушылардың бойында рухани-адам­гершілік қасиеттерді да­рытуға болады.
Өзім сабақ беретін бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінде берілген Абай шығармаларын оқы­туда терең мән беремін. Абайдың жылдың 4 мезгіліне арналған өлеңін, қарасөзін, өнер-білімге шақырған шығармаларын оқыту кезінде оның балалық шағы, туып-өскен ортасына кеңірек тоқталамын. Балалар зерттеу жұмысын жүргізіп, сабаққа өз жобасын жұп болып, топ болып дайындайды. Абай өлеңдеріне жан-жақты талдау жүргізіп, түйінді ойларын айтады. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді аша отырып, өмірден мысал келтіреді. Бейнесюжет көру арқылы мәліметтермен танысып, зерттеу жұмысын жүр­гізеді. Сыныпта оқушыларға «Абай оқулары» ұйымдастырылып, нәти­жесінде оқу­шыларым аудандық байқаудың жүл­дегері атанды. Сонымен қатар оқу­шылар ұлы ақынға арнап арнау өлеңін, эссе жазды.
Бүгінгі таңда «Мәңгілік ел» идея­сы негізінде жас ұрпақты рухани жаңғыру аясында тәрбиелеуде Абай шығармаларын жан-жақты оқытудың тиімділігі өте зор.

Гүлжанат НҰРМАХАНОВА,
№106 орта мектептің
мұғалімі
---
20 қыркүйек 2019 ж. 19 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031