» » ЕЛОРДАНЫҢ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫ NURLY ERTIS ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ

ЕЛОРДАНЫҢ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫ NURLY ERTIS ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ

Семей, BAQ.KZ. "Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі – Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет." Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтты.

"Ол – Семейде ғана емес, тұтас қазақ тарихында өз орны бар тұлға. Оны халқымыз жақсы біледі, қадір тұтады. Сондықтан, алдағы уақытта облыс әкімдігі Құнанбайдың есімін ұлықтауға байланысты тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруы қажет. Жас ұрпаққа жақсы үлгі-өнеге болатын істі мен әрқашан қолдаймын" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша бұндай шаралар Елбасының "рухани жаңғыру" бағдарламасына да сай келеді.
"Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін біз, шын мәнінде, осындай сабақтастық дәстүріне жол ашатын бірегей бастамаларды қолға алуымыз керек. Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет. Алдағы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осы айтулы датаны біз тұтас ел болып, мемлекеттік деңгейде атап өтеміз. Біз үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек. Негізгі мақсат – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу" - деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке Абайдың мерейтойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырды.
"Үкіметке Абайдың мерейтойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырамын. Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Дүниежүзі әдебиетінде Абай сияқты ақын, ағартушы, ойшыл, сыншы кемде-кем. Абай, шын мәнінде, қазақтың біртуар перзенті" - деді Мемлекет басшысы.
Абайдың 175 жылдығы аясында Жидебайдағы кешен қайта жаңғыртылатын болады.
"Жидебайдағы кешенді жаңғыртып, инфрақұрылымды қалпына келтіру қажет. Хакім Абайдың туған жері дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін туристерді қарсы алуға лайықты ірі орталыққа айналуы тиіс. Жергілікті басшылар осы маңызды мәселеге назар аударуы қажет. Бұл – бабалар алдындағы борышымыз әрі өскелең ұрпақ үшін жақсы өнеге. «Рухани жаңғыру», түптеп келгенде, осы міндетті жүрекпен сезініп, ешқандай нұсқаусыз орындау екенін біз терең түсінуіміз керек" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Семей полигонынан зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетілуі керектігін айтқан болатын.

 
Фото: автордан
26 сәуір 2019 ж. 1 022 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031