Мәслихаттар сайлауы
» » Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. " Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар. Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды. Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы. Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі. Бүгінде Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу. "Бірлік бар жерде, тірлік бар" дейді халық даналығы.  Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!"

22 наурыз 2019 ж. 1 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 469

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30