» » «ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ -НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІ

«ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ -НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІ

АУДАН ӘКІМІ МАҚАШОВ СҰЛТАН ЫСҚАҚҰЛЫНЫҢ «ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ -НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІМЕН АУДАН ХАЛҚЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ
ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ежелден бұл мейрам адамдарды бірлік пен ынтымаққа бастап, жақсылық пен мейірімге, махаббат пен шаттыққа бөлейтін айтулы мереке.
Наурыз жер бетіндегі тіршілік атаулыны ұйқысынан оятып, жақсылық пен құт берекенің көзін ашып, күн мен түн теңелген күн. Наурыз мейрамы – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы.Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген.
Отанымыздағы береке-бірліктің, бейбітшіліктің арқасында тәуелсіз еліміздің экономикасы қарқынды даму үстінде.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында ауқымды міндеттер белгіленді. Бүгінде біз Елбасының ұстанып отырған оң бағыттағы реформаларының арқасында көптеген табыстарға қол жеткіздік. Мемлекетіміз өркендеп өсіп, еліміздің әл-ауқаты күн санап артып келе жатыр.
2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттілігін тоқтататынын айтып, президент ретіндегі өз өкілетін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстайтынын жеткізді. Конституция бойынша президент қызметін атқару сенат төрағасына берілетінін жариялады. Осы ретте 20 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады. Елімізді 30 жылға жуық басқарған Елбасымыздың бұл шешімі саяси көрегенділік болды.
Тәуелсіздіктің іргетасын қалап, еңселі ел болуға атсалысқан Елбасының Елордамыз Астананың гүлденіп дамуы мен Қазақ елінің әлемдік қауымдастықта танылуы ел үшін ерен еңбегі тарихта алтын әріптермен жазылады. Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Ел шекарасы бекемделіп, Нұрсұлтан Назарбаев туған елін 30 жыл бойы кемеңгерлікпен, даналықпен, халықаралық тәжірибені ескере отырып басқарды.
Биылғы жылы ауданымыз үшінде экономикалық даму жолында маңызды міндеттерді жүзеге асыратын боламыз. Атап айтсақ Жосалы кентін табиғи газбен қамту, жасөспірімдердің жазғы тынығу лагерінің құрылысын жүргізу, әлеуметтік саланы әрі қарай жаңғырту жұмыстары биылығы жылыда жалғасын табатын болады.
Ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлік, құрылыс пен жер, жол және көлік қатынасы, әлеуметтік саясат сияқты аса маңызды салалары кешенді түрде дамуда.
Наурыз мерекесінің бір мақсаты – табиғатты аялау, жасыл-желекті сақтау. Бұл күндері дәстүр бойынша арықтар тазаланып, ағаш отырғызылады. «Жаңа күн», «жаңару» деген мағынасына сәйкес алдағы барлық жақсылық осы күннен, жан тазалығымен қатар қоршаған орта тазалығын сақтаудан басталады.
Көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығы осы мереке қарсаңында жарияланды. Ауданның әр азаматы осы игілікті іске атсалысады деген ойдамын.
Ақ молайып, жарық ұзаратын, тіршілік жаңарып, пейіл түзелетін, көңіл кеңіп, кешірім салтанат құратын əз-Наурыз мейрамында əрбір отбасына амандық, дендеріңізге саулық, елімізге береке - бірлік тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!

21 наурыз 2019 ж. 1 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930