» » АУДАН ӘКІМІ МАҚАШОВ СҰЛТАН ЫСҚАҚҰЛЫНЫҢ «1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ МАҚАШОВ СҰЛТАН ЫСҚАҚҰЛЫНЫҢ «1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАУЫ


Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!

  • Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – «1 наурыз - Алғыс айту күнімен» шын жүректен құттықтаймын!
  • Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде еліміздің дамуы жолында аянбай тер төккен барлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған миллиондаған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. 
Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр.
Бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас, қайырымдылық дәстүрлердің жалғасын табуы әлеуметтік ынтымақтастығымыздың өнегелі өлшеміне айналды.
Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, ілгері басып келеді.
Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде алға өрлеуге зор ықпал етуде.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай ортырып, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. 
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін!

Құрметпен, 
Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов
01 наурыз 2019 ж. 3 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 967
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30