» » Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті

Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті


Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін айтулы мереке.
Мерекеге орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 1 наурыз күні «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырды.
Шараға корей этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Шин Вилорий Николаевич, еврей этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Ли Людмила Ивановна және неміс этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Шек Ирина Николаевна қатысып, Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына алғыстарын айтты.Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық филармониясының әншілері әннен шашу шашты.
01 наурыз 2018 ж. 3 708 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 824
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 512

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930