» » Елбасы: Алғыс айту күнінің басты мəні – тарихи жадыны сақтау

Елбасы: Алғыс айту күнінің басты мəні – тарихи жадыны сақтау


Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шаралары өтті. Атап айтар болсақ, дəл қазір қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Мың алғыс" салтанатты концерті басталды.
Концерттің ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған құттықтау сөзін оқып берді. 
"Бүгін біз баршамызға ортақ мереке - Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз.
Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді. 
Мейірімділік, өзара көмек жəне бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын əрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. 
Өз отандастарымызға жəне туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді. Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мəні - тарихи жадыны сақтау, ұрпақ сабақтастығы мен іргемі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады. 
Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құтттықтаймын! Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір жəне табыс тілеймін!", делінген Президент хатында. 



01 наурыз 2018 ж. 2 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031