» » ЕЛОРДАНЫҢ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫ NURLY ERTIS ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ

ЕЛОРДАНЫҢ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫ NURLY ERTIS ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің кезегінде «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй есебінде тұрғандарға Екібастұз қаласына көшіп баспаналы болуы үшін Nurly Ertis тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады «Тұрғын үй қоры» КММ-ның Instagram-дағы ресми парақшасы. 

«Nurly Ertis» тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілетін пәтер саны 122. Тұрғын үйлерден көпбалалы отбасыларға 78-80 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтерлер беріледі. 

Аталған баспананың ай сайынғы жалға алу төлем бағасы бір шаршы метрге 99 теңге, шамамаен 7722 теңгеден 8000 теңге аралығында болады.
Баспананы алуға үміткер бағдарламадан өткен жағдайда 120 000 теңгеден кем емес жалақылы жұмысқа орналастырылады.

Отбасындағы балалар балабақшаға тегін қабылданады, сондай-ақ олар мектеп киімімен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бала-бақшаға баратын және мектептегі 11 сыныпқа дейінгі балалар тегін тамақпен де қамтылатын болады. 

Сонымен қатар, балалар мен ата-аналардың біреуіне көліктік жол билеттерін ала алады.
Отбасы мүшелері Екібастұз қаласында тұрақты тіркеуге тұра алады. 

Айта кетейік, аталған баспананы алу үшін бастапқы жарна қажет емес. 5 жылдан кейін көпбалалы отбасы пәтерді өз меншігіне жекешелендіре алады. «Тұрғын үй қоры» КММ-ның тұрғын үй алу кезектілігіне тіркелу күні маңызды емес. 

Nurly Ertis тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алғысы келетін тұлғаларға қойылатын талаптары да белгілі болды. Біріншіден, сіз қалалық коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіндегі «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша әлеуметтік жағынан осал тобы тізімінде немесе басқа санат бойынша тұрып, көпбалалы отбасы болуыңыз керек. Екіншіден, 4 балаңыздын барлығы кәмелет жасқа толмаған болу керек.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі мынадай:

1) Жеке басты растайтын куәлік және балаларыңыздын туу туралы куәліктері.

2) Барлық отбасы мүшелеріне ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы туралы анықтамасы. 

«Өтініштер 25 сәуірден бастап Р. Қошқарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де қабылданады. Екібастұз қаласына қоныстануды қалайтын тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылардың тізімін жасау басталды. Орындар саны шектеулі», - делінген «Тұрғын үй қоры» КММ-ның Instagram-дағы ресми парақшасы.     


 
Фото: ашық дереккөз
26 сәуір 2019 ж. 1 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031