» » «7-20-25»: Мембағдарлама бойынша салынған пәтерлерді сатып алуға болады

«7-20-25»: Мембағдарлама бойынша салынған пәтерлерді сатып алуға болады

«7-20-25» бағдарламасының қатысушылары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін алды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер 2019 жылдың басында күшіне енді.
Бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында бөлініп келген еді.
Мемлекеттік тұрғын үйдің бағалары нарыққа қарағанда арзан әрі өңірлерде көптеп салынады. Бір шаршы метрінің бағасы Астана, Алматы (қала маңындағы аймақтарды  қоса алғанда), Атырау және Ақтау қалаларында 180 мың теңге, басқа өңірлерде 140 мың теңге құрайды. Мысалы, Астанада көлемі 60 шаршы метрді құрайтын екі бөлмелі пәтерді 10,8 млн теңгеге алуға болады. Оны 25 жылға алғанда ай сайынғы төлем 61 мың теңгеден аспайды.
«7-20-25» арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасының үйлерін алу айтарлықтай жеңіл. Оның бір себебі, әкімдікке кезекке тұру немесе ай сайын депозитке ақша жинаудың еш қажеті жоқ. Пәтерді таңдап, «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банкке тұрғын үй құнының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде салса жеткілікті.
«Нұрлы жер» бағдарламасының индикаторларына сәйкес ағымдағы жылы 20 мыңға жуық пәтер салу жоспарланып отыр. Ең көп пәтер Алматыда (3170), Шымкентте (1981), Астанада (1873) және Қостанай облысында (1794) берілетін болады.

qazaquni.kz

18 ақпан 2019 ж. 1 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930