» » Абайдың 180 жылдығы-ақынды жаңа буынға қайта танытудың тамаша мүмкіндігі

Абайдың 180 жылдығы-ақынды жаңа буынға қайта танытудың тамаша мүмкіндігі

2025 жылы қазақ халқының ұлы ойшылы, ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл-ұлт руханияты үшін аса маңызды мерейтой. Абайдың 180 жылдығы-тек тарихи еске алу емес, сонымен бірге оның мұрасына жаңаша көзқарас танытып, бүгінгі қоғаммен сабақтастығын қайта  пайымдайтын кезең.Абай қазақ даласына білім мен мәдениеттің шамшырағын алып келген ағартушы, қазақ әдебиетін жаңа сатыға көтерген реформатор болды. Оның шығармалары адам болмысына терең үңіліп, жан дүниенің тылсым сырын ашты. Абай-қазақ қоғамына жаңашыл көзқарас әкеліп, елдің ертеңі үшін білім мен еңбекке үндеген тұлға.
Абай поэзиясы арқылы халқымыздың сөз өнері биікке көтерілді. Ол дәстүрлі жыраулық, ақындық мектепке сыншыл реализм мен терең философиялық мазмұнды әкелді. Өлеңдерінде ел бірлігі, адамгершілік, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық секілді асыл қасиеттер дәріптелді.
Абайдың қырық бесінші қара сөзі-қазақтың рухани дүниетанымының інжу-маржаны. Онда ол халықты надандық пен жалқаулықтан арылуға, оқу-білімге ұмтылуға шақырды. Қара сөздер-терең ой мен тәлімге толы даналық туындылар. Ол адам болмысы, мінез-құлық, имандылық, тәрбие жайлы терең пайым жасап, ұлт болашағы үшін алаңдаған. Мысалы, «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген нақыл сөздері арқылы Абай жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, ізгілікке, еңбекке, ақыл мен білімге жетеледі. Бұл қазіргі заманда да өзектілігін жоймаған ұлы өсиет.
Абайдың 180 жылдығы-ақынды жаңа буынға қайта танытудың тамаша мүмкіндігі.  Ел көлемінде түрлі мәдени, ғылыми, әдеби іс-шаралар ұйымдастырылып, Абайдың еңбектері мектеп пен жоғары оқу орындарында кеңінен оқытылуда. Ақынның мұрасын ұлықтап, өз болмысымызды, ұлттық құндылықтарымызды, рухани байлығымызды жаңғыртамыз. Демек, Абайдың 180 жылдығы-өткенді ұлықтап, болашаққа бағдар жасайтын маңызды белес.
Е.Мәтжанов,
Қармақшы аудандық соты әкімшісі басшысы

26 мамыр 2025 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 826
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031