» » АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ ҰЛАҒАТЫ

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ ҰЛАҒАТЫ

Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы ел болашағы үшін ұлт руханиятын қалыптастыруда маңызы зор деп санаймын.
Абай шығармашылығы әр адамның дүниеге көзқарасын, болмысын, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруда маңыздылығын әрбір жас ұрпақ сезініп, санасына сіңіре білуі қажет. Қазақтың бас ақыны Абай қазақ елінің әлем халықтары сынды өркениетке ұмтылуын, дамуын мәдениетті, ғылым – білімді меңгеруін қалады.
Аталмыш мақала бірнеше бөлімдерден тұрады. «Торқалы тойдың тағылымы» деген бөлімде Президент бұл тойды өте маңызды шара ретінде атап өту керектігіне тоқталды: «Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауы тиіс. Бұл - ұлы ақын арманының орындалуы. Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуымыз тиіс».
Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А.Байтұрсұнов: «Абай-қазақтың бас ақыны. Онан басқа бұрын соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды. Ұлы Абай мұрасы – халықтың рухани бағдары. Абай тағылымы халықтың рухани жаңғырумен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау сананы оятып, ойға ой қосады.
Ендеше, ұлы ақын Абайдың адамгершілік қағидаттарын берік ұстанып, Абай ұлағаты – халық ұранына айналу жолында жұмыла ат салысуымыз керек. Бұл-баршамыздың ортақ міндетіміз деп есептеймін.
Жарқын Тұрмаханұлы,
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары
14 қаңтар 2020 ж. 1 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031