» » Абай мұрасы – ұлтымыздың мәдени капиталы

Абай мұрасы – ұлтымыздың мәдени капиталы

Былтыр Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтіп Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға Мемлекет Басшысынан бастап елдің танымал азаматтары, мектеп оқушылары, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытты. Соның арқасында елімізде Абай мұрасын зерделеніп, ой-тұжырымдарынан баршамыз рухани азық алдық.


Мінекей осы керемет рухани жаңғырудың жалғасы ретінде Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармашылығының тағылымдылығы жөнінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы жұртшылықпен ой бөліскен мақаласы жарияланды.
Мақалада қазақтың рухани және мәдени әлемін әлемге Абай арқылы таныту туралы мәселе көтерілген. Абай арқылы қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін танытуға болатынын, ұлттық сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін Абайдың шығармаларын мұқият оқу керектігіне тоқталды. Өйткені, Абайдың қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы.
Әрине, Абай шығармашылығы туралы ғасырдан астам уақыт бойы жүздеген зерттеулер, мыңдаған мақалалар жазылды. Бірақ біз көбіне Абай шығармаларын ХІХ ғасырдағы ақын өмір сүрген қоғам аясында қарастырып келдік. Ал Президент өз мақаласында Абай мұрасын ХХІ ғасыр деңгейімен, бүгінгі күнмен байланыстыра бағалайды. Бүгінгі қазақ үшін ой түзеуді, Абай айтқан «Толық адам» деңгейіне жетуді ұсынады. Мақаланың басты ерекшелігі де осы.
Мемлекет басшысы осы мақаласы арқылы Абайды жаңаша зерделеудің, жаңаша түсінудің үлгісін ұсынып отыр деп айта аламыз.

Сәуле Мұратбекқызы,
№79 негізгі мектептің директоры
10 қаңтар 2020 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 163

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 142

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 294

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930