» » Ауданда Абай күні өтті

Ауданда Абай күні өтті

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтілуде.
Қазақ халқының ұлы ақыны өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, ойы терең және тілі өткір Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға және сананы жаңғыртуға шақырған.
Жуырда аудандық мәдениет үйінде Абай күніне орай «Ұлты ұлықтаған – ұлы Абай» атты лирикалық кеш өтті.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов жұртшылықты мерекемен құттықтап, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың ұрпаққа қалдырған өшпес мұралары туралы сөз қозғады.
Мұнан соң аудан өнерпаздары хәкім Абайдың шығармалары мен әндерін орындап көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ іс-шара аясында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы көрме қойылып, қонақтарға таныстырылды.
«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалап, ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем. Біз хәкім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетуді жалғастыра береміз.
12 тамыз 2024 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 558
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031