Құрылтай
» » Аудан әкімі "Абай күнімен" құттықтады

Аудан әкімі "Абай күнімен" құттықтады



Құрметті аудан тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз - қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшыл Абай Құнанбаевтың құрметіне орай «АБАЙ КҮНІ» болып жарияланып, халықтық мейрам ретінде өткізіліп келеді.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мейрам туралы өз сөзінде «Мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыда дамуымыз үшін өткізілмек» деген болатын.

Сондықтан да, Абай күні - бұл «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» насихаттап, «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» сияқты құндылықтарды ұлықтайтын тағылымды мереке болып саналады.

«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалап, ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.
Абай мұрасы – мәңгілік!

Баршаңызға 10 тамыз - Абай күні мерекесі құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Қармақшы ауданының әкімі Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы
10 тамыз 2021 ж. 1 055 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31