» » » Абай мұрасы – ұлт байлығы

Абай мұрасы – ұлт байлығы


Қазақтың бас ақыны, ғұлама ойшыл, дана, дара тұлға Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай елімізде тұңғыш рет 10 тамыз – Абай күні болып республикалық деңгейде аталып өтті. Мерейтой аясындағы уақыт көшіне үн қосу барша қазақтың парызы. Осы орайда К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – ұлт байлығы» атты ақын-жыршылардың концерті өтті. Шара онлайн форматта фейсбук парақшасына жарияланды. Шараның мақсаты – Абай шығармаларын Сырдың сырлы мақам-сазына салып орындау.
Онлайн концертті жас ақын Сырым Әділбеков Абайдың 175 жылдығына арналған өзінің арнау жырымен ашса, жырау Балтабай Бедебаев, Айгерім Ешбаева, Алмат Азаматов, қобызшы Зияда Жаңабергеновалар үйірме шәкіттерімен Абай өлеңдерін нақышына келтіріп орындады.
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп төрелігін өзі шешкен Абай жалынды жыры бізбен бірге өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Қамар САРСЕНБАЕВА,
мәдени ұйымдастырушы
22 тамыз 2020 ж. 1 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 227
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031