» » » Абай күні қалай атап өтіледі?

Абай күні қалай атап өтіледі?

Ертең, 10 тамызда елімізде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып өтеледі. Мерейтой аясында республика бойынша 100-ден астам шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Коронавирус індетіне байланысты барлық іс-шара онлайн форматта өтіп жатқаны белгілі. 10 тамыз күні де Хәкім Абай мерейтойы аясындағы республика көлеміндегі бар іс-шара онлайн түрінде ұйымдастырылады.

Сонымен 10 тамызға Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығы «Хəкім Абай» атты арнайы мəдени бағдарлама дайындап, іс-шаралар легін Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығумен бастайды. Осыдан кейін мереке өңірлердегі танымал мəдениет жəне өнер қайраткерлерінің Абай шығармаларын оқуымен жалғасады.

Дəл осы күні Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығында «Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен сұхбат» атты халықаралық конференция өтеді. Жиынға танымал ғалымдар, абайтанушылар, Ресей Федерациясы Əдебиет академиясының академигі Г. Пряхин, түрлі мəдени жəне ЖОО басшылары қатысады.
Сонымен қоса тəулік бойы интернет арқылы Абай қорық-музейі, «Абай-Шəкəрім» мавзолейіне видеоэкскурсия жасауға, Абай музейіндегі экспонаттар жайлы түрлі бейнебаяндар тамашалауға болады.

Сонымен қатар 10 тамызда 15:00-де халықаралық деңгейде Абай өлеңдерін халықаралық 8 тілде (француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс, итальян тілдерінде) оқуға арналған «Abai world challenge» атты видеомарафон бастау алады. Аталған челленджге Абай шығармашылығын зерттеп жүрген əлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалым-зерттеушілер, аудармашы, жазушы, зиялы қауым өкілдері, шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының Төтенше жəне Өкілетті Елшілері қатысады.

Жалпы 10 тамыз күні республика бойынша 100-ге жуық іс-шара өтеді. Бұл іс-шараның барлығы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Facebook, Instagram, Youtube парақшаларында тікелей көрсетіледі.

Сондай-ақ осы күні əлеуметтік бейнебаяндар мен қысқа метражды фильмдерге арналған «Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы» атты онлайн-фестиваль басталады.

Əлемдік деңгейдегі ойшыл өз шығармаларында еңбексүйгіштікті, білімге құштарлықты, даналықты, қайырымдылық пен отанға деген махаббатты насихаттаған. Əрі ақын ой мен жүрек тазалығына айрықша мəн берген. Хәкім Абайдың даналығы мен философиялық көзқарасы ғасырлар өтсе де өзінің мəн-маңызы мен өміршеңдігін жоймақ емес.

Біз біртұтас қоғам ретінде ақын шығармаларын тек биыл мерейтой аясында ғана құрметтеп қана қоймай, шығармаларын өзімізді-өзіміз тану жолында айнымас темірқазыққа айналдыруымыз қажет.

Мереке күні елордамыз бен өңірлерде кемеңгер ойшылды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рəсімі өтеді.



09 тамыз 2020 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9947)

01 желтоқсан 2020 ж.

№92 (9946)

28 қараша 2020 ж.

№91 (9945)

24 қараша 2020 ж.

Сұхбат

Жаңа жылда газ қосылмақ
28 қараша 2020 ж. 181

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031