Абай түскен фотосуреттің тарихы
Бүгінде Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қоры-музейінде Абай Құнанбайұлының екі фотосуреті ғана сақталған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Семейдегі мемлекеттік музейдің ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай айтып берді.

Ол өзінің Алматыдағы мекенжайын көрсетіп қол қойған. Абай музейінің негізгі қор кітапшасында: "Абай с сыновьями Акылбаем и Турагулом (подлинник). Снято 1896 году в г. Семилалатинске фотографом Н. Г. Кузнецовым. В дар музею Абая от Мухтара Омархановича Ауээова" деп жазып, фотосуреттің түсірілген жылын, түсірушінің аты-жөнін, Мұхтар Әуезовтың ұлы ақынның музейіне сыйға тартқанын анықтап ашып көрсөтіп белгілеген", - дейді Қуат Қиықбай.

"Екінші сурет - Абайдың отбасымен 1903 жылы түскен суреті. Мұнда Абай өзінің Жидебайдағы үй ішімен түскен қалпында бейнеленген. Бірінші қатарда Пәкизат - бөрік киіп отырған қыз бала мен Әубәкір. Бұл екеуі - Ақылбайдың балалары. Оспан бұл екеуін бауырына салып өсіріп, өз баласы ретінде көрген. Ортада отырған - Абай. Екінші қатарда - Мағауия, Еркежан және Әубәкірдің әйелі Камалия. Алдыңғы қатарда отырған - Турағұл", - деп сипаттайды қызметкері.

Абай отбасымен, 1903 жыл. 1-қатарда: Пәкизат, Турағұл Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы. Отырған Абай Құнанбайұлы. 3-қатарда: Мағауия Абайұлы, Еркежан, Кәмәлия (Әубәкірдің әйелі).