» » » Бес асылға асық болсақ әрқашан

Бес асылға асық болсақ әрқашан

«... Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек». Бұл сөздер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан үзінді. Арада алты ай өткен соң «Той қуалайтын емес,ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік.Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!» деп тағы да тойшыл қауымның емес, білімді, ұшқыр ойлы қауымның әрекетін құп көретінін дөп басып айтты. Білімдінің күні қай заман, қай ғасырда да жарық. ХІХ ғасырда Абай атамыз білім мен ғылымға әуес болуға шақырса, ХХІ ғасырда Елбасымыз барша ұрпақты Абай атамыздың ізімен ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани дамуға, білім мен еңбекке шақырып үндеу жасауда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз «Абай күні» деп белгіленді. Бұл барша қазақстандықтар үшін ең тамаша күн. Себебі дәл осы күні еліміздің түпкір-түпкірінен сөзді суша сімірген сөз шеберлері ұлы ақынға арнап өлең жолдарын, арнауларын, жарыса отырып жыр шумақтарын шашатын күн туды. Шабыттың шалқар көлі тасып, жаңа есімдер пайда болатын уақыт та – осы. Осынау тарихи күнге енген Абай күнінде талантты, жыр сүйетін ұл-қыздарды насихаттау парызымыз. Қасиетті Қармақшы мекенінде әу демейтін қазақ, қолына қалам алып жыр жазбайтын пенде тым аз шығар. «Шабытты шақыру қиын. Ол тек «жаз» деп жүрекке әмір жүргізгенде ғана жыр болып қағаз бетіне түседі. Сондай шабытпен келген, Абай күні мереке болып белгіленді деген сүйінші хабармен бірге шыққан өлең шумақтары» дейді Назым Құдайберген. Назым Қызылорда қаласында педагогикалық колледждің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша тәмәмдап, бүгінде Төретамда орналасқан «Күн нұры» балабақшасында жастар тәжірибесінен өтуде.

10 тамыз күні – Ұлы күн
Назым ҚҰДАЙБЕРГЕН
Сүйінші халқым,сүйінші,
Қуанышты күйге енші.
Өлеңі өміршең Абайдың,
Мереке күні төрге енді.

Тым өзгеше басқа күннен күні де,
Тым өзгеше атқан таңы бүгінде.
Күнтізбенің сәні кірді еселеп,
Ұлы күн боп жария болған кезінде.

Бес дұшпанға жолмасақ ешқашан,
Бес асылға асық болсақ әрқашан
Ұлы ақынның шығармасын дәріптеп,
Білім қусақ, ғылым қусақ әу бастан.

Бір күн емес, бір жыл бойы тойласақ,
Ұлы Абайдың әрбір жырын жаттасақ.
Қара сөзін санамызға сіңіріп,
Рухымызды бір көтеріп тастасақ.


Гүлжан САРТАЙҚЫЗЫ
Байқоңыр қаласы


22 тамыз 2020 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 084

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031