» » Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

 
                                    

  «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға  керек... Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі» деп Міржақып Абайды «қараңғы заманда шыққан басшымыз» деп атап, оның қазақ әдебиетін, ой-санасын дамытуға косқан үлесін аса жоғары бағалап, артына қалдырған мұрасыньң қадірі барған сайын арта береді деген терең пікір айтады: «Зәредей шүба етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. «Бірінші ақынымыз» деп қабіріне халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» деп  1914 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Абай» атты  мақаласында көрегендікпен айтқаның байқаймыз. Бұл ойларды әділ қазы уақыттың өзі дәлелдеп көрсетіп отыр.  
   Заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа  бір  қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасырдан астам, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Даналықты көздесең
Жат, тоқып ал көңілге, – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай  Абай Құнанбайұлы  қазақ  халқының  басындағы мәңгі өшпес жарық жұлдызы. Абай – қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл. Ақын ел арасында болатын көптеген жағымсыз әрекеттер: іштарлық, көрсеқызарлық, сондай-ақ көреалмаушылық, еріншектік, жалқаулық сияқты теріс қылықтардан аулақ болуға үндейді.
      Ұлы Абай шығармашылығы –  таусылмас  мәңгі  қазына. Тіршіліктегі әрбір ісіміз, әрекетіміз, сезінушілігіміз, қоғамдағы көрініс тап сол Абай өлеңдеріндегідей көрінеді де тұрады. Жанына маза  іздеген,  жол іздеген жан Шәкәрім ақын жырлағандай:
«Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр,  қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға,  жүр,  баралық!»  дегеніндей болады.
    «Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» дегеніндей бүгінгі ұрпақ кінә қоймайды. Қайта Абай мұрасының түпсіз, терең қазынасынан  әлі шөміштеп қана сусындаудамыз деп ойлаймын. «Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп Абай өзіне мәңгілік ескерткішті поэзия тілімен салып кеткен ақын.
                                   Райкүл ҚАРАТАЕВА,
                                     ардагер ұстаз
    
10 тамыз 2021 ж. 1 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031