Топ-баннер
» » Абай мұрасының жанашыры

Абай мұрасының жанашыры

Жақында еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы жарыққа шықты. Мұнда бірқатар келелі мәселелер қозғалған.
Абай мұрасы қазір де, болашақта да өз құндылығын жоймайды. Абайдың асыл сөзі – ай өтсін, жыл өтсін, тіпті қанша ғасыр өтсе де өскелең ұрпағына адасқанда жол сілтеп, шөліркесе сусын болары хақ. Себебі, дана ойшылдың аманаты рухани бірлікке шақырады. Айтқан әр сөзі өнер-білімге, ғылымға баулып, жанға жайлы, жүрекке жылы тиеді. Бұл ойымды Елбасының «Абай аманаты» мақаласы нақтылап тұрғандай. Бұл мақаланы шын көңілмен, бір деммен оқып шықтым. Қазекемнің өзі «Аманат» деген ұғымға өте терең мән берген. Елбасы өз мақаласында ұлы ақын, дана ойшыл Абайдың мәңгілік нақыл сөздерін, өшпес қағидасын аманат ретінде бүгінгі ұрпаққа жеткізе отырып, Абай шығармаларының қазақ қоғамының қалыптасуына, халқымыздың татулығына, мейірбандығы мен ұлтаралық бауырластығына өнеге болатынын анық көрсетеді. Осындай тың дүниені жарыққа шығарып, көпшілікке насихаттаған Елбасы – Абай мұрасының жанашыры.    

Амандық БҮРЛІБАЕВ,
К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінің директоры
14 қазан 2020 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 484
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 313

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728