» » Мағынасы құнды, мазмұны қазына мақала

Мағынасы құнды, мазмұны қазына мақала

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» мақаласын оқып шықтым. Мақалада Абайдың тұлғалық қасиеті Елбасыға тікелей әсер еткені мақала барысында терең баяндалған. Туынды Тұңғыш Президентіміздің Абайды алғаш таныған кезінен басталып, ұлы ойшылдың өсиет сөздерімен өрілген. Мақаланы оқу арқылы Елбасы өміріне, оның ішінде ел басқарудағы іс-әрекетіне ақынның ғибраттары қаншалықты әсер еткенін бұрынғыдан да жақынырақ білдік деуге болады. Елбасы өзі айтқандай, қандай шешім қабылдап, қандай істі бастар болса да алдымен Абай тәліміне жүгінеді. Бұл өз кезегінде жемісті нәтижесін беріп келеді. Дүниежүзінің көптеген елдерінде Абай атамызға құрмет танытуы де тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістігі.
Абай аманатына адалдық туралы Елбасы жазған мақалада нақтылап талданған. Бұл құнды мақала біздің құндылығымызды арттыра түсері сөзсіз. Себебі Абай мұрасы арада қанша ғасыр өтсе де өз өміршеңдігін жойған емес.
Сондықтан Абай арқылы қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін қазіргі жастардың бойына қалыптастырғымыз келсе, ұлттық сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін Абайдың шығармаларын мұқият оқу керекпіз.
Сәуле ӘБІКЕНОВА,
№79 мектеп директоры
08 қазан 2020 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 532
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 331

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031