» » ҚАЙЫРЫМДЫ КӘСІПКЕР

ҚАЙЫРЫМДЫ КӘСІПКЕР

Өмірде еңбекқор әрі қарапайым адамдар болады. Олар біреуге наздануды, өкпе артуды білмейді. Өз күшіне, тынымсыз тірлігіне сенеді, сүйенеді. Сондай жанның бірі – Тиышкүл Жалғасқызы Үкібаева. Оның жеке кәсіппен айналысқанына биыл он сегіз жыл толады екен.
Қазір жатып ішер жалқаудың, тоңмойын енжардың келмеске кеткен уақыты. Бүгін инені іліктіріп, саусақты біріктіріп, жұмыс істейтін шақ. Нарықтың алғашқы бет алысын байқаған кейіпкеріміз де бірден кәсіпкерлікке «күмп» етіп түскен жоқ. Бірақ, оған ойланып-толғана берудің де пайдасы аз екенін іштей сезді. Һакім Абай айтқандай: «Тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің», – демекші, тәуекелге бел байлап, өз кәсібін ашуды жөн көрді. Уақыт – не деген зымыран. Міне оған әні-міне дегенше, жиырма жылға да таяпты. Осы жылдарда қиындық көре жүріп, кәсіптің қызықшылығын бір адамдай бастан өткізді. Базарда тұрып қысы-жазы жеміс-жидек сатты. Көптің алғысына кенелді. Жайма базарда кәсібін дөңгелетіп, өзінің жеке дүкенін ашты. Жосалы кентіндегі «Мандарин» жеміс-жидек дүкені аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп тұр. Қай жемістің түрін іздесеңіз де осы жерден таба аласыз. Маңдай терінің арқасында «Мерседес» жүк автокөлігіне қол жеткізген кәсіпкер бүгінде жеміс-жидекті Шымкент қаласынан тасымалдайды.
Осындайда арман тұра ма? Кәсіпті кім жасамай жатыр дейміз ғой, тағы да. Тиышкүлдің бір қасиеті – қайырымдылық жасауды ешқашан естен шығармайтындығы. Мешітке барып, мұқтаж жандардың ат-есімін біліп, оларға керекті азық-түлігін, кейде қаржылай түрде де көмек көрсетіп жүргені. Ақкөңіл, іскер кәсіпкерге інісі Зарқұм Ұзынтілеуов көмекші. Биыл Тиышкүл мектеп бітіргеніне 20 жыл. Өзі білім алған №105 мектеп-лицейінде түлектердің бас қосу кеші ұйымдастырылды. Осы кеште кәсіпкердің қаржылай демеуімен «Менің сыныптастарым» атты кітап жарыққа шықты. Осындай жомарт пейілінінің арқасында мектеп ұжымы, ұстаздары мен сыныптастарына тосын сый жасады.
– Тиышкүлдің отбасын жақсы білемін. Анасы өте еңбекқор кісі болатын. Балаларына сол қасиет дарыған. Жанұядағы үш қызы ауданның белді кәсіпкері. Кітаптың тұсаукесер рәсімінің куәгері болдым. Күтпеген қуаныш болды. Шәкірттер 20 жыл бұрын жазылған тілек хатымды оқып беріп, ғажайып көңіл-күй сыйлады. Осы кешке сіңірген Тиышкүлдің еңбегін айта кету керек. Ата-анадан алған тәрбиені алтын ұя мектепке құрмет көрсетуден бастауы тегін болмаса керек-ті. Әлеуеті төмен отбасыларға қамқор болып жүретіні кімге болса да үлгі, – дейді аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, халық қалаулысы Күлжауһар Раева.                
Кәсіпкердің болашаққа жоспары жетерлік. Кәсібін әлі де кеңейтіп, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтысам дейді ол.
– Келешекке жоспар көп. Қазір Жосалы кентінен шағын супер-маркеттің құрылыс жұмысын бастап кеттік. Бұйырса, осы жазда пайдалануға беріледі. Кәсіп ету – ынтаң болса, қиын емес. Десе де, оның өзіне тән қиындығы бар. Ондай кезде төзімді жаныңа серік етесің. Шыдай, еңбектене білсең – не нәрсенің де жемісін көруге болады. Үш балам бар, үлкенім Нұрсұлтан студент, қалған екеуі Ақгүлім мен Нұрперзентім мектепте оқиды. Мақсатым – балаларымды жеткізсем, орнықтырсам және аудан экономикасының дамуына кәсіпкер ретінде үлесімді қоссам, – дейді Т.Үкібаева.          
Кәсіпкер ананың жүзіне қарап нағыз ерге тән қайраттың, қажырдың ізін көргендеймін. Батылдық, өмірге деген сүйіспеншілік оның әр сөзінен сезіліп тұр. Ең бастысы – ертеңі еңселі еліне, тәуелсіздік жылдарында қабырғасы қатайған жеке кәсібіне сенеді.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».  
15 маусым 2018 ж. 1 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031