ЦАЙ АУЫЛЫ – БАЙ АУЫЛ
Тарихы өткен ғасырдың отыз жетінші жылдан бастау алатын ІІІ Интернационал ауылы жайлы айтыла бастағанда, әлбетте бірінші кезекті есімізге осы ауылдың іргетасын қалап, өңірімізде күріш дақылын өсіруді бірінші болып бастаған Еңбек Ері Цай Ден Хак оралады. Әрине, сол жылдары ел көсемі Иосиф Сталиннің жүргізген солақай саясатымен сонау Қиыр Шығыстан қазақ еліне еріксіз қоныс аударылған кәріс ұлты жергілікті халықпен бірлесе жұмыс істеп, осы құтты мекенде тұрақтап қалды.
Цай Ден Хактың ауыл үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. Атпал азамат өзі басқарған ел әлеуетін өркендетуге бар саналы өмірін арнады. Халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруды бірінші кезекке қойып, ауылды аймағымызға, тіпті республика мен Кеңестер Одағына танытты. Сол жылдары Қармақшы ауданына келген қонақтар алдымен «Цайдың ауылын барайық» деп те айтатын.
Біз де сол дәстүрді бұзбай, Елбасының туған халқының әлеуетін арттыруға арналған сара саясаты аясында атқарылып жатқан жұмыстармен, сонымен бірге аудан тұрғындарын елді мекендердің тыныс-тіршілігімен таныстырудағы кезекті сапарамызды бірлігі мен ынтымағы жарасқан көп ұлтты, халық жүрегінде, оның ішінде аға буын өкілдері арасында сақталып қалған «Цай ауылында» жалғастырдық.
Міне, біз ауылға да жетіп, көкке оранған көшемен жүйткіп келеміз. Көше бойында қаз-қатар заманауи үлгіде салынған тұрғын үйлер мен ілінген билбордтар ауыл көркіне сән беріп, көз тартады. Бізді қарсы алған ауыл әкімі Әсет Омаровқа іс-сапарымыздың мақсаты жайлы айтқаннан кейін, уақытымызды алмай ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға көштік.
–Округ бойынша бүгінгі күні 114 кәсіпкер ауыл тұрғындарына түрлі бағытта қызмет көрсетуде. Оның ішінде, дала жұмысының майталманы Милияр Арифов басқаратын «Достық Жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек ететін 241 диқан-механизатор биыл 2400 гектар алқапқа күріш дақылын орналастырып, бүгінде суға бастыру жұмыстарын аяқтаса, оған қоса 1686 гектарға егілген ескі және жаңа жоңышқаны да баптауға алды. Сонымен қатар, ауылда 11 шаруа қожалығы күріш және түрлі бақша дақылын өндіру жұмысымен айналысса, ағымдағы жылы ауыл тұрғындары Әли Маханбетов пен Аслан Дямуршаев мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы бірі – мал басын көбейту, ал енді бірі – автокөлік жөндеу цехын салуға жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 12 ауыл тұрғыны «Бизнес-бастау» жобасымен облыстық кәсіпкерлік палатасы жанынан ұйымдастырылған 1 айлық курстан білімін жетілдіріп, осы күні жобаларын іске асыруға жұмыс істеуде. Булут Исмаилов деген азаматымыз бүгінде ара шаруашылығын дамытуға белсене жұмыс істеп жатса, тағы басқа да кәсіпкерлер мал және егін, оның ішінде бақша мен көкөніс өндіруде еселі еңбек етуде. Жаңа өздеріңіз ауылға кіреберісте байқаған боларсыздар, Әли Гейдаров деген азаматымыз «Ақ сарай» атты көліктік қызмет көрсету кешені мен ауыл орталығында «Бади-Нур КZ» жеке балабақшасын ел игілігіне пайдалануға беріп, бүгінде олар бірнеше ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр, – дейді ауыл әкімі Әсет Омаров.
Иә, біз әкімнің өз ауылын шырайын шығара мақтауына сеніп, осы аталған жұмыстармен танысуға аттандық. Алайда, ауыл әкімі мәдениет үйінде өткізілетін шараға қатысатынын айтып, рұқсат сұраған соң, ол қасымызға Мақсат есімді әкімдік маманын жол басшы етіп жіберді. Жолбасшымыздың бастауымен біз «Достық Жер МК» серіктестігіннің №3 егіс бригадасындағы жоңышқалықта орналасқан омарташы Булут Исмаиловтың араларын көруге аттандық. Міне, ауыл орталығынан 15 шақырымдай жерде орналасқан жоңышқалыққа да жеттік. Түрлі табиғи гүлге оранған алқаптың ортасында арнайы көлікке тиелген ара ұяларын қарап жүрген омарташы Булут ағамыз біз жақындағанда жұмысын доғарып жанымызға келген соң, басындағы тор бас киімін шешіп, жөнін айта жөнелді.
–Омарташылық кәсіп бала кезгі арманым. Бұған дейін көп жыл ауылдағы шаруашылықта дәнекерлеуші болып еңбек еттім. Еңбегім де еленіп, біршама марапатқа ие болдым. Десе де, бала кезгі арманым сәл де болса ойымнан шықпай, міне бірер жыл болды осы ойымды жанұямның келісімімен жүзеге асыра бастадым. Әлбетте, бұл арманым біріншіден Елбасының қамқорлығы мен қолдауы арқылы жүзеге асырылды. Мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы қаржылай қолдау тауып, Тереңөзек кентіндегі омарташылардан бірнеше ара ұясын сатып алып, бүгінде оның санын көбейтуге жұмыс істеудемін. Аллаға шүкір, бастамам да жаман емес, аз да болса еңбегімнің жемісін көрудемін. Өзім өндірген ара балын аудан орталығы мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан, тіпті көршілес Жалағаш ауданынан сұрап келеді. Алдағы уақытта кәсібімді одан әрі дамытуға жұмыс істеймін. Адам баласы нені армандаса ол міндетті түрде орындалады екен. Оған көзім жетті. Арманымның орындалуына қолдау көрсеткен ел азаматтарына айтар алғысым шексіз, – дейді омарташы.
Келесі кезекте біз танысқан кәсіпкерлік нысан ауыл орталығындағы базарда орналасқан «Файзулла» шағын кәсіпкерлік қызмет көрсету орталығы болды. Мұнда Мейрамкүл Қосылбаева нәсібесін тауып отырған кәсібі жайы бар.
–Сауда-саттық саласында көп жылдан бері істеп келемін. Бұған дейін өзге кәсіпкердің қарамағында жұмыс істесем, өткен жылы «Бизнес-бастау» бағдарламсы аясында «Ауылшаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ-нан мал шаруашылығын дамытуға байланысты несие алып, отбасылық кәсібімізді бастадық. Бүгінде өңірімізде мал шаруашылығын дамытуға атсалысудамыз. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына дәмхана мен түрлі баспахана қызметін, сонымен бірге азық-түлік және басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі тауарлар ұсынудамыз. Үйде жұбайым Бақи Ибыраев қорада бағымда тұрған мүйізді ірі қара санын көбейтуге жұмыс істесе, мен өзім өндірген айран, қатық, ірімшік пен құртты ауыл тұрғындарына қол жетімді бағамен сатамын. Тіпті, сұраныс та көп. Дәмхана да жұмыс істейді. Күндіз ауыл ақсақалдары шай, айран ішіп, әңгіме-дүкен құрып кетсе, кешке дәмхана ауыл жастарынан босамайды. Бізде спирттік ішімдік мүлдем сатылмайды. Жастар түрлі сусындар ішіп, күліп-ойнап қайтады, – дейді кәсіпкер.
Иә, «Туған жердің түтіні де ыстық» дегендей, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ІІІ Интернационал ауылында ер-азаматтардың ізгілікті тірліктері арқасында ел мүддесі үшін атқарылып жатқан игі істер көп-ақ. Әрине, сондай бастамалардың басында іскер азаматтардың жүретіні анық.
Аслан Дямуршаевтың есімі тек ауылдастарына ғана емес, аймақ тұрғындарына етене таныс. Жас кезінен автокөлікке құмар болып өскен Аслан өсе келе бұл кәсіпке жан-тәнімен беріліп, оны өз өмірімен байланыстырды. Бүгінде ол көлік жөндеудің һас шебері атанған маман. Асланның қызметін тек ауылдастары ғана емес, мына шеті Қызылорда қаласы, ал мына шеті айдынды Арал өңірі тұрғындары пайдаланады. Біз маманның шағын цехына барғанымызда ол шетелдік автокөлікті сырлап жатқанының үстіне келдік.
–Жақында «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша қасымызда тұрған Мақсаттай ауылдық округ мамандарының көрсеткен қызметімен Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы кәсібімді одан әрі кеңейтуге байланысты жоба қорғап, бүгінде заман талабына сай автокөлік жөндейтін, бір мезгілде бірнеше автокөлік қабылдайтын цех құрылысын бастаудамын. Алла қаласа жуық арада алқашқы тұтынушымды да қабылдаймын. Жаңа цех автокөлік кузовын жөндейтін, сонымен бірге сырлайтын, автокөліктердің майысқан жерін қайта қалпына келтіретін құралдармен жабдықталады. Бұған дейін бұл жұмысты өзім істейтін едім, алдағы уақытта өзіме көмекші ретінде тағы 2-3 маманды жұмыспен қамтымақ ойым бар. Одан әрі жоспарлаған басқа да мақсатымды жүзеге асыруға тірлік қыламын, – деді ризалық кейіппен тәжірибелі маман.
–Біздің ауылда Асландай ел игілігі үшін қызмет көрсетіп, құрметке бөленген кәсіпкер көп. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы мал шаруашылығын дамыту, мал бордақылау, ет пен сүт өндіру және басқа да сала бойынша нәсібін табушылар саны күннен-күнге артуда. Ауыл мектебі де мұндай игі істен құр алақан қалмауда. Қажет десеңіздер мектеп жанынан ашылған жылыжайдың да жұмысымен таныстырайын, – деді Асланның сөзін іліп әкеткен жолсерігіміз Мақсат.
Оның бұл ұсынысын құп көріп, біз ауыл орталығындағы №108 орта мектепке келдік.
Бізді қарсы алған мектеп басшысы Дәулет Қауысов өзі басқаратын аталмыш білім ордасының жаңалықтарымен таныстырды.
–Биылғы оқу жылын мектеп жақсы жаңалықтармен қорытындылап отыр. Шәкірттер арасында, атап айтар болсақ Иса Милияров жуырда Түркістан қаласында өткен білім сайысында үздік атанып, халықаралық түрік-қазақ университетінің грантын жеңіп алса, 10-сынып оқушылары Тен Надежда қазақ тілінен республикалық пәндік олимпиададан жүлделі ІІІ орынды иемденді, ал Арайлым Мұстафа деген шәкіртіміз республикалық пәндік олимпиадада география пәні бойынша «Үздік нәтиже көрсеткені үшін» номинациясының иегері атанды. Осындай білімді шәкірттер тәрбиелеген ұстаздар қауымы да өз біліктіліктерін көтеріп, үлкен нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ, оқушылардың жазғы демалыс айларында мектеп бойынша сыртқы және мектеп жанынан ашылған тынығу лагеріне 60-қа жуық оқушы тынығуға барады. Оның 20-дан астамы ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен, ал қалғаны Үкімет тарапынан бөлінетін қаржы арқылы. Ал, енді өз ішіміздегі тірлік жайына тоқталсақ. «Руханият-2015» қоғамдық қоры арқылы БҰҰ мен ҚР Үкіметінің бірлескен жобасы аясында «Қармақшы ауданында жаңа технологияларды енгізу арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жобасы» бойынша мектепте жылыжай салынған. Міне, бүгінде мектеп қызметкері Ларя Лян мен оның Сарыбай Ділмағамбетов және Тұрғанбек Дүйсенбаев сынды көмекшілерінің тыңғылықты жұмыстарының арқасында жылыжай өз жемісін беруде. Биыл жылыжайға қияр мен қызанақ, баклажан, кинза, болгар бұрышы мен пияз және басқа да көкөністер еккен болатынбыз. Бүгінде сол көкөністердің алды жеміс беруде. Мектеп асханасында балаларымыз дәм татуда, – дейді мектеп директоры.
Жоғарыда айтқандай, біз үлкен еңбекпен өрісі кеңейген, кәсібі дамыған, бір үйдің баласында тірлік еткен ымтымақты «Цай ауылының» тыныс-тіршілігімен таныса келе, елдің берекесін көтеріп жүрген ауылдағы жаны жайсаң ер-азаматтардың тірлігіне риза болдық. Жолсерігіміз Мақсат айтқандай, өнегелі де жемісті еңбектерімен ауданға танылған интернационалдықтар нағыз кәсіпкерлер ауылы екенін білдік.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ, «Қармақшы таңы».