» » ӨН БОЙЫНАН ӨНЕГЕ ӨРБІТКЕН

ӨН БОЙЫНАН ӨНЕГЕ ӨРБІТКЕН

Қармақшылық ұстаз, асыл азамат Байұзақ Жұматайұлының есімі аталғанда Қызылорда пединститутына оқуға түсіп, студенттік өмірді енді бастаған балаң кезім ойға оралады.
1959 жылы Жалағаш ауданындағы Мақпалкөл орта мектебін бітіргеннен кейін Қызылорда пединститутының қазақ тілі мен әдебиет факультетіне оқуға түстім. Бұл кезде туған ағайым Рақыш Әміреұлы осы институттың жаратылыстану факультетінің 3-курс студенті еді. Қасында өзімен бірге оқитын қармақшылық азамат Байұзақ Жұматаев болатын.
Ол кезде екеуі қаладағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі жанынан пәтер жалдап тұрады екен. Осы пәтерге үшінші болып мен қосылдым.
Байұзақ ағамыз табиғаты таза, мейлінше адал тілекті, ақ жүректі жан екен. Алғаш кездескен кезден туған ағайымдай болып кетті, өз кезегінде ол да мені туған інісіндей көріп қашанда қамқорлық жасауға асығып тұратын. Пединститутты бітіріп, қызметте жүрген кезімде де Байұзақ аға мені арнайы іздеп келіп, жай-жағдайымды біліп тұратын.
Туған ағайым Рақыш Әміреұлы ғылым жолында көп ізденіп, жоғары табыстарға жетті. Мәскеу қаласында аспирантурада оқып, химия ғылымдарының кандидаты, кейіннен докторы атақтарын табысты қорғады. Екі қорғау кеңестеріне де қатысып, ағамыздың ғылым жолындағы табыстарының куәсі болдым.
Қазіргі таңда Рахыш ағайым Павлодар қаласы мемлекеттік университетінде ұстаздық қызмет атқарады.
Қайда жүрсе де Байұзақ аға екеуінің достық қатынасы үзілген емес еді. Бірақ Байұзақ ағаның өмірі қысқа болды. Өмірден ерте өтті. Әрдайым ағайымның рухына қол жайып, Құран бағыштап отырамын.
Сөзімді түйіндей келе асыл азамат Байұзақ ағамыздың отбасына, ұрпақтарына қашанда ұзақ ғұмыр, бақыт пен табыс тілеймін.
Махмұтбай ӘМІРЕҰЛЫ,
Қазақстанның құрметті жазушысы,
Қызылорда қаласының құрметті азаматы
03 мамыр 2025 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930