"Мен ауылыммен мақтанамын"
qarmaqshy-tany.kz Ұлылықтың басында ұстаз тұрар. Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлесіміз, Тәжиев Дастан Айтмаханұлының сара жолы мен жетістіктерін қоғамға таныту біздер кітапханашылар үшін үлкен мақтаныш.
"Балаға халықтың тарихы,туған жерден кімдердің өткені, ата-бабасы туралы айтып отырмасаң, көкірек көзін ашпасаң, зиялылық қайдан келсін? Бала тәрбиесін тек мектепке ғана артып қоюға болмайды" деген Елбасымыз: "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында айтылатын ұлттық қор үшін аға ұрпақтың да жауапкершілігі болуы тиіс деп санаймыз " деген болатын.
Тажиев Дастан Айтмаханұлы 17 қаңтар айында 1932 жылы Қармақшы ауданында туылған.1948 ж №26 (бұрынғы В.М.Молотов) мектебін бітіріп, 1848 жылы Қызылорда пединститутына оқуға түсіп, оны 1952 жылы тіл-әдебиет факультетін бітірді. Қызылорда мелиоративтік техникумында мұғалім болды. Сол жылы Совет армиясы қатарына шақырылды. 1954 жылы желтоқсан айына дейін армия қатарында болды. Әскери званиясы қатардағы аға лейтенант.
1955 жылы қаңтар айынынан тамыз айына дейін Қызылордадағы 25 жылдық қыздар мектебінде мұғалім болды.
1955 жылы Жосалы поселкесіне көшіп келіп сондағы пансион интернатында қыркүйек-қараша айында орынбасар болып қызметін атқарды. Осы жылы Қармақшы аудандық комсомол конференциясында комсомол комитетінде мектеп бөлімі бастығы және пленум-бюро мүшелігіне сайланды. Осы жұмыста 1959 жылдың тамыз айына дейін істеп, Қармақшы аудандық партия комитеті Төретам станциясындағы жеті жылдық мектептің директоры болып белгіленді. Ол кездегі мектеп қазақ темір жолына қарайтын. Нөмірі 417. Кейін мектеп Батыс Қазақстан темір жолына қарап, мектеп 11 болды.
Осы 11 мектепте 27 тамыз айының 1959 жылдан 24 шілденің 1979 жылға дейін мектеп директоры болды. Оқушы санының көбеюіне байланысты жаңадан 640 орындық типтік мектеп салынды.
Мектеп нөмірі өзгеріп №56 қазақ орта мектебі атанып, мектеп директоры болып сайланды. Әкімгершілік, финанс жағынан Батыс Қазақстан темір жолы бөлімшесіне бағынды. Партия басшылығы комсомол ұйымдары Ленинскіге қарады. 1992 жылы мамыр айында зейнеткерлікке шыққанға дейін №56 мектептің директорлық қызметін атқарды.
1959 -1992 жылдарының тамыз айына дейін мектеп директоры болып қызмет атқарған кезде 11 мектеп жанынан үш қосымша құрылыс салдыруға (18 класс бөлмесі, спортзал ) және жаңадан 640 орындық типтік мектеп салуға тиісті құжаттарды дайындауға, қажетті қаражат бөлу мәселесін шешуге жоғарғы басшы органдарының алдында мәселе қойып соны шешуге ат салысып, ата-аналар комитетін де ұйымдастырды.
Екі мектептің оқу-тәрбие жұмысы, техникалық базасы мектептің игере алған базалық мекеме болмаса да Батыс Қазақстан темір жол мектептерінің алдыңғы деңгецінде болды.
Алған марапаттары 1. Қазақ ССР оқу министрінің 25.05.1870 жылы "Халық ағарту ісінің озық қызметкері",
2. Құрмет громотасы 11.04.1978 жылы Облиспалком,
3. Ветеран турда 19.10.1989 жыл.
4. "Отличник просвещения СССР" удос .17225 от 02.06.1982 г.
5. "Почётный железодорожник" значок.147063 от 20.09.1984 г.номер 381.
6. "Юбилейный медаль 10 летия Қазақстан "за номер 03765 от 03.12.2001 г.
7. Көптеген мақтау грамоталары.