» » Кітапханалар марапатталды

Кітапханалар марапатталды

ЖОСАЛЫ, 24 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Қараша, желтоқсан айларында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханаларда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Мен ауылыммен мақтанамын» жобасы бойынша әлеуметтік желіде өз туған ауылының тарихын тану, сол ауылдан шыққан белгілі тұлғаларды, жақсы жетістіктерді даралау мақсатында байқау ұйымдастырылған болатын. Байқау барысында барлық мақалалар әлеуметтік желіде жарияланып, көпшілік қолдауына ие болды.
Бүгін аталған байқаудың марапаттау рәсімі өткізіліп, үздік деп танылған Тұрмағамбет ауылдық модельді кітапханасы, ІІІ Интернационал онлайн орталығы, Дүр Оңғар ауылдық модельді кітапханасы және Қуаңдария ауылдық кітапханалары Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
24 желтоқсан 2019 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 243

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031